Ғылым апталығы

Ғылым апталығының алғашқы күні университетіміздің «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасы мен  Этвош Лоранд атындағы Будапешт университетінің Жас ғалымдарының қатысуымен «Алюминий өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеу және шет ел тәжірибесі» атты дөңгелек үстел өтті.

Аталған тақырып бойынша қос  университет Жас ғалымдары екі елдегі алюминий өндірісінің қарқынды дамуы, алюминий өндірісіндегі қалдықтарды қайта өңдеудің негізгі мәселелеріне тоқталды.