Прогресс пен инновациялар

«Ғылым, техника және технолгия: прогресс пен инновациялар» және «Жаратылыстану ғылымдарының өзекті мәселелері» секциялары бойынша
«Жастар, ғылым және инновация» атты XVI республикалық онлайн ғылыми-тәжірибелік конференциясы қорытындыланды
09 сәуір 2020 жылы «Ғылым апталығы» аясында өткізілген
XVI республикалық онлайн ғылыми-тәжірибелік конференциясы бойынша «Ғылым, техника және технолгия: прогресс пен инновациялар» және «Жаратылыстану ғылымдарының өзекті мәселелері» секциялары бойынша отырысы өтті. Техникалық факультетінің деканы Балгынова Акжаркын Мерекеқызы ғылым апталығымен құттықтап, конференция жұмысына сәттілік тіледі. Ары қарай конференцияға қатысушы Жас Ғалымдардың еңбектері тыңдалды.

Конференция соңында комиссия өкілдері ақылдаса отырып, ғылыми өзектілігі мен маңыздылығы жоғары еңбектерді, әрі жұмысын жақсы көрсете білген Жас Ғалымдарды анықтады.

Сарапшылар шешімінің нәтижелері бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
І дәрежелі диплом – Шурина В.
ІІ дәрежелі диплом – Жұмабаева Ж.М.
ІІ дәрежелі диплом – Мұратқалий А.
ІІІ дәрежелі диплом – Таубаева С.