Жақсы нәтиже

«Мұнай-газ ісі» кафедрасында 2020 жылдың 6-сәуірінде «Мұнай-газ ісі негіздері» және «Мұнай өндіру техникасы мен технологиясы» пәндерінен 2 және 3-курс білім алушылары арасында пәндік олимпиада өтті. Олимпиада онлайн режимінде, Google Диск платформасында өткізілді.

Аталған олимпиадаға жауапты кафедраның аға оқытушылары – А.Мерекеқызы және Г.Т. Космбаева.

«Мұнай-газ ісі негіздері» пәні бойынша жоғары көрсеткіш көрсеткен білім алушыларға келесідей жүлделі орындар беріледі:
1-орын – Қуанышева Аружан
2-орын – Қаржаубай Назым , Ерболатұлы Ердаулет
3-орын – Мусин Мереке , Шурина Венера

«Мұнай өндірудің техникасы мен технологиясы» пәні бойынша жоғары көрсеткіш көрсеткен білім алушыларға келесідей жүлделі орындар беріледі:
1-орын – Сейдалы Нұрбек
2-орын – Ерболатұлы Ердәулет
3-орын – Орынбасаров Дәурен, Сағынғалиев Ернұр, Сальменова Лаура.
Ғылым, білім жолында белсенді білім алушыларға алғыс айтамыз!