Республикалық олимпиада

06.05.2020 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде  5В071300 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша «Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары» пәнінен 3,4 курс студенттері арасында XII Республикалық пәндік онлайн олимпиадасы жоспарлы түрде жоғары деңгейде өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты: Дарынды және талантты студенттерді іріктеу және қолдау, студенттер мен жас ғалымдарды қазіргі заманғы ғылыми мәселелерді шешуге тарту, ғылыми қызметке қызығушылықты дамыту.

Олимпиадаға 5 жоғары оқу орындарынан (Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, М.Тынышбаев атындағы «Қазақ көлік және комм уникациялар академиясы» АҚ, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» КеАҚ, Жәңгір хан атындағы «Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ,) 14 студент қатысты. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Бекназаров Рахым Ағыбайұлы олимпиадаға қатысушы ЖОО-ң профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерді құттықтап, студенттерге сәттілік тіледі.

Олимпиада бағдарламасына сәйкес студенттердің электронды почталарына тапсырмалар сілтемелермен жіберіліп, Zoom платформасы арқылы комиссия мүшелері және  тәуелсіз бақылау кеңесінің құрамы студенттердің тапсырмаларды орындау кезіндегі жұмыс орындары мен  бет бейнелерін толықтай бақылап, сұрақтарға уақытылы жауап беріп отырды. Студенттердің тапсырмаларды уақытылы орындауларына толық мүмкіндіктер жасалды.

Олимпиада шеңберінде «Көлік техникасы, тасымалды ұйымдастыру және құрылыс» кафедрасының оқытушылары Мукашева А.С., Мурзагалиев А.Ж., Куанышев М.К. Жиенкожаев М.С., Мырзабеков Н.М.,   ЖОО-ң профессор оқытушылар құрамдарымен жаңа оқу жылында академиялық ұтқырлық, білім бағдарламаларын жаңарту, ғылыми жұмыстарымен айналысу  бойынша сұхбаттасып келісімдер жасасты.

Олимпиада қорытындысы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ЖОО-ы студенттері арасындағы пәндік олимпиаданы ұйымдастыру ережесіне сәйкес шығарылды.

1 орын М.Тынышбаев атындағы «Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы» АҚ;

2 орын – С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, М.Тынышбаев атындағы «Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы» АҚ;

3 орын – «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» КеАҚ, Жәңгір хан атындағы «Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ, «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» КеАҚ.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры профессор Б.А.Ердембеков студенттерді дайындап және қатысқаны үшін топтардың ғылыми жетекшілерін алғыс хатымен, студенттерді сертификаттармен марапаттады.