Техникалық факультет студенттері Академиялық ұтқырлыққа қызығушылық танытуда

17.09.2020 күні Университеттің Халқаралық байланыстар орталығы, техникалық факультет және «Көлік техникасы, тасымалдауды ұйымдастыру және құрылыс» кафедрасы бойынша Академиялық ұтқырлық бағдарламасына жауапты оқытушылармен біргелікте Техникалық факультетінің 1 курс студенттері үшін онлайн кездесу ұйымдастырды. Кездесуге академиялық ұтқырлыққа құмарлық танытқан 1 курс студенттері қатысты. Кездесуді Техникалық факультет бойынша жауапты оқытушы Г.М. Жексенбаева ашып, Ұлттық және Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы туралы жалпы айтып өтті. Студенттер тарапынан қойылған барлық сұрақтарға Академиялық ұтқырлық бағдарламасының әдіскері Қуанышова Гүлбану Ідірісқызы толықтай жауап берді. Студенттерді толғандырған бірқатар сұрақтар легі мыңдай болды: Академиялық ұтқырлыққа қатысу үшін қажетті тілдік деңгей; Мамандықтарына сәйкес Серіктес ЖОО; Ұлттық академиялық ұтқырлық бағдарламасына қажетті орташа баға; Тілдік құрстарға жазылу және мерзімдері т. б. Кездесу соңында студенттер Академиялық ұтқырлық бағдарламасының әдіскері Г.І. Қуанышоваға алғысын білдірді.