5В070900 – Металлургия

Шифр – мамандықтың атауы:

5В070900 – «Металлургия».

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):

2015 жылдың наурыз айында ҚР «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 5 жылға сәтті өтті (Куәлік 17.04.2015 бастап 16.04.2020 дейін жарамды, Тіркеу нөмірі №АВ0520).

Оқу түрі, мерзімі:

Күндізгі: 4 жыл, 3 жыл;

сырттай: 3 жыл, 2 жыл.

Берілетін дәреже:

5В070900 – «Металлургия» мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры.

Кәсіби қызметінің саласы:

5В070900 – «Металлургия» мамандығы бойынша бакалавриатты бітірушы мамандар өнеркәсіптерде өндірістік-технологиялық және ұйымдастырушылық жұмыстарын, сонымен қатар байытылған, қара, түсті, сирек кездесетін және радиоактивті металдарды, құймаларды және арнайы материалдар алу; металдар мен құймаларды өңдеу бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу; металдар мен қорытпаларды термиялық өңдеу жұмыстарын атқара алады.

Кәсіби қызметінің нысандары:

5В070900 – «Металлургия» мамандығы бойынша оқу бітіруші түлектердің кәсіби қызмет ету объектілеріне қара және түсті металлургия зауыттары, химиялық, кен-байыту фабрикалары, машина жасау өндіріс өнеркәсіптері, салалық ғылыми-зерттеу және жобалау институттары, зауыттық зертханалар, жоғары және орта техникалық оқу орындары жатады.

Кәсіби қызметінің пәні:

  • Металлургиялық өндіріс негіздері;
  • Металлургиялық өндіріске шикізатты дайындау;
  • Металлургиялық үрдістер теориясы;
  • Металтану және термиялық өңдеу;
  • Металлургиялық үрдістер технологиясы.

Кәсіби қызметінің түрлері:

5В070900 – «Металлургия» мамандығын бітіруші бакалавр төмендегідей кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

  • өңдірістік-технологиялық;
  • ұйымдастыру;
  • есептеу-жобалау;
  • эксперименттік-зерттеу.

Практика базалары:

«Казхром ТҰК» АҚ Ақтөбе филиал, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты.