5В071300 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары

Шифр – мамандық атауы:

5В071300 –  «Көлiк, көлiк техникасы және технологиялары».

Аккредитациядан өту (өту жылы, өту кезеңі):

2016 жылы 26 желтоқсан айында «Рейтинг және аккредиттеу тәуелсіз агенттігі» коммерциялық емес сыртқы эксперттік комиссиясының жүргізген тексеру нәтижесі бойынша №АВ1193  аккредиттеу куәлігі  25.12.2021 жылға дейін 5 жылға берілді.

Оқу түрі, мерзімі:

Күндізгі бөлім:   4 жыл, 3 жыл;

сырттай бөлім:   3 жыл, 2 жыл.

Берілетін дәрежесі:

5В071300 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры

Кәсіби қызметінің саласы:

  • көлік техникасын  жобалау, пайдалану және  жөндеу бөлімдері;
  • көлік сенімділігін арттыруға бағытталған зерттеу орталықтары;
  • материалдық-техникалық  өндіріс  саласы;
  • көлікті және көлік құралдарын   кешенді жөндеу станциялары.

Кәсіби қызметінің объектілері:

  • машина жасау зауыттары;
  • көлік техникасы мекемелері;
  • құрылымдық, жобалау және технологиялық ұйымдары;
  • машина жөндеу кәсіпорындары;
  • машина жасау және жөндеу зауыттарының фирмалық және делдалдық орталықтары;
  • маркетингтік және көліктік-экспедициялық қызметтері;
  • көлік басқару қызметтерінің материалдық-техникалық қамсыздандыру жүйелері.

Кәсіби қызмет пәндері:

  • кәсіптік қызмет құралдары :
  • көлік техникасы мен жабдықтары;
  • жүріс және жұмыс жабдықтары;
  • көлік техникасының жетек жүйесі;
  • қозғалысты басқару жүйесі;
  • тіршілік қауіпсіздігі жүйесі;
  • көлік техникасын жасау, сынау және қайта өңдеу жабдықтары;
  • көлік техникасын техникалық күту және жөндеу жабдықтары;
  • көлік техникасын жасауға және пайдалануға арналған бақылау-өлшеу аспаптары;
  • көлік техникасының жұмыс процестерін автоматтандыруға арналған жабдықтар.

Кәсіби қызметінің түрлері:

Ұйымдастыру-технологиялық қызметі:

  • көлік техникасын құруға және жөндеуге конструкторлық, технологиялық және жобалы-смета құжаттарын дайындау;
  • орындаушы ұжым жұмысын ұйымдастыру, түрлі пікірлерді  тіркеу және басқару шешімдерін қабылдау;
  • тиімді шешім анықтауда және жоспарлаудың әрбір түріндегі түрлі талаптар есебімен (құндық, сапалық, орындау мерзімдері мен қауіпсіздік) ымыралық шешімдер;
  • сапалы өнім шығаруды қамтамасыз ету мақсатымен түрлі шығындарды тіркеу .

Өндірістік-басқару қызметі:

  • көлік техникасы және жабдықтарын дайындау технологиясын жетілдіру;
  • технологиялық процестер, материалдар және дайын өнім сапасын бақылау;
  • өндірістік процестерді жүзеге асыру үшін материалдарды, жабдықтарды және басқа құралдарды таңдау және тиімді қолдану;
  • өнім сапасы көрсеткіштерінің өлшеу құралдарын метрологиялық тексеру;
  • көлік техникасы және жабдықтарын, оларды жасау және жөндеу технологияларын стандарттау және сертификаттау шараларын жүргізу;
  • көлік техникасын пайдалану және жөндеумен байланысты қызметтерді, кәсіпорындарды ұйымдастыру және басқару.

Жобалау қызметі:

  • жобаның мақсат- міндеттерін анықтау, олардың құрылымдарының өзара байланысын құруда түрлі факторларды ескеру және мәселе шешудің басым бағытын анықтау;
  • салдарларды болжау проблемаларын шешудің нұсқаларын әзірлеу және талдау, жобаларды жоспарлау және жүзеге асыру;
  • технологиялық, құрылымдық, эстетикалық, экономикалық және тағы басқа параметрлерді ескерумен машиналар мен жабдықтардың жобасын дайындау;
  • көлік техникасын және жабдықтарын, материалдарды  таңдауда ақпараттық технологияларды қолдану.

Практика базалары:

«Автопарк» ЖШС, «Қамқор Локомотив» ЖШС, «Қазахавтодор» ЖШС, КЗХ – «Жүк тасымалдау» ҚТЖ. АҚ, «Глобалинк Трансортэйшн энд лоджистикс Ворлдвайд»  ЖШС.АФ, Ақтөбе қаласы.«Ақтөбе облысы  көлікті бақылау инспекциясы» РММ, «ҚТЖ» Ұлттық компаниясы  АҚ-ның филиалы, «Ақтөбе  магистралды желісі бөлімі» АҚ«Жолаушылар автокөлік мекемесі» ЖШС, «Apple City Distributors» ЖШС«Камкор Локомотив» ЖШС.