6B11301 – Kөлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру

Шифр – мамандықтың атауы:

6B11301– «Kөлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру».

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі)

6B11301-«Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» – білім беру бағдарламасы 3 жыл мерзімге мамандырылған аккредиттеуден өтті. Куәлік 20.11.2017 бастап 19.11.2020 дейін жарамды. Тіркеу номері №АВ1397. Берілген күні 20.11.2017ж.

Оқу түрі, мерзімі:

Күндізгі: 4 жыл, 3 года;

сырттай: 3 жыл, 2 жыл.

Берілетін дәрежесі:

6B11301– «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша қызмет көрсету саласындағы бакалавры.

Кәсіби қызметінің саласы:

6В11301-Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану қызмет көрсету саласындағы Бакалавр өзінің кәсіби қызметін “ҚТЖ” ҰК АҚ, автокөлік кешені, ғылыми-зерттеу ұйымдары, мемлекеттік көлік инспекциялары, Көліктегі ішкі істер департаменті, көлік процестерін жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдар, көлік-логистикалық орталықтар, әртүрлі деңгейдегі көлік ведомстволары саласында жүзеге асырады.

Кәсіби қызметінің объектілері:

6В11301-Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану саласындағы бакалаврдың кәсіби қызметінің объектілері болып көлік кешенінің кәсіпорындары мен бөлімшелері, көлікті басқару және мемлекеттік көлік инспекциясы аймақтық органдары, автомобиль және темір жол көлігі саласындағы уәкілетті органдар, көлік қозғалысын қалалық және аймақтық бақылауды ұйымдастыру, жүк және жолаушылар тасымалы, көлік-логистикалық және көліктік-экспедициялық компаниялар, сондай-ақ білім беру мекемелері табылады.

Кәсіби қызметінің пәні:

Бітірушілердің кәсіби қызметінің пәні көлік кәсіпорындарының техникалық құрылғылары мен құрылыстары, көлік құралдарын пайдалану бойынша кәсіпорындар мен ұйымдар, олардың жұмысының технологиялық процестері, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ұйымдар, көлік-технологиялық жүйелер; көлікті бақылау және басқару жүйесінің тасымалдау процесінің логистикалық схемалары болып табылады.

Кәсіби қызметінің түрлері:

Ұйымдастырушылық – технологиялық;

  • ұйымдастырушылық – технологиялық;
  • өндірістік – басқарушылық;
  • есептік – жобалау;
  • сервистік – пайдалану.

Практика базалары:

ЖШС «Автопарк», ЖШС «Қамқор Локомотив», ЖШС «Қазахавтодор», АҚ ҚТЖ – «Жүк тасымалдау» КЗХ, Батыс АФ «Жолаушылар тасымалы» АҚ, ЖШС «Глобалинк Трансортэйшн энд лоджистикс Ворлдвайд» АФ,  ЖШС «Apple City Distributors», РММ «Ақтөбе облысы бойынша көліктік бақылау инспециясы», «ҚТЖ» Ұлттық компаниясы  АҚ «Ақтөбе  магистралдық желісі бөлімшесі, ЖШС «Жолаушылар автокөлік мекемесі» және кафедра филиалы ЖШС «Автопарк», ЖШС «Apple City Distributors», ЖШС «Камкор Локомотив».