7M07203 – Металлургия
Шифр – мамандықтың атауы:
7M07203– Металлургия.
Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):
–
Оқу түрі, мерзімі:
Ғылыми және педагогикалық дайындық бағыты – 2 жыл.
Бейіндік дайындық бағыты – 1 жыл.
Берілетін дәреже:
Ғылыми және педагогикалық бағыт:
7M07203– «Металлургия» мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі.
Бейіндік бағыт:
7M07203– «Металлургия» мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі.
Кәсіби қызметінің саласы:
- металлургия мамандығы бойынша магистратураны бітірушы мамандар өнеркәсіптерде өндірістік-технологиялық және ұйымдастырушылық жұмыстарын, сонымен қатар байытылған, қара, түсті, сирек кездесетін және радиоактивті металдарды, құймаларды және арнайы материалдар алу;
- металдар мен құймаларды өңдеу бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді;
- металдар мен қорытпаларды термиялық өңдеу.
Кәсіби қызметінің нысандары:
7M07203– Металлургия мамандығы бойынша оқу бітіруші түлектердің кәсіби қызмет ету объектілеріне қара және түсті металлургия заводтары, химиялық, кен-байыту фабрикалары, машина жасау өндіріс өнеркәсіптері, салалық ғылыми-зерттеу және жобалау институттары, заводтық лабораториялар, жоғары және орта техникалық оқу орындары жатады.
Магистратураны бітірушілердің кәсіптік әрекетінің нысаны:
ғылыми және педагогикалық дайындық бағыты бойынша:
- қара және түсті металлургия заводтары;
- химиялық, кен-байыту фабрикалары;
- машина жасау өндіріс өнеркәсіптері;
- салалық ғылыми-зерттеу және жобалау институттары;
- жоғары және орта техникалық оқу орындары;
бейіндік дайындық бағыты бойынша:
- қара және түсті металлургия заводтары;
- химиялық, кен-байыту фабрикалары;
- машина жасау өндіріс өнеркәсіптері;
- салалық ғылыми-зерттеу және жобалау институттары.
Кәсіби қызметінің пәні:
- металлургиялық өнеркәсіптің, бастапқы шикізатты қайта өңдеу және жоғары тұтыну қасиеттеріне ие металл өнімдері өндірісінің, металл мен материалдарды алу және өңдеу технологиясының технологиялық үрдістері;
- металл құрылымы мен қасиеттерін зерделеу;
- металлургиялық жабдықтары, металлургиялық өндірісті автоматты басқару және соңғы өнім сапасын бақылау жүйелері болып табылады.
Кәсіби қызметінің түрлері:
7M07203– Металлургия мамандығы бойынша магистратура түлектері кәсіби қызметтің келесі түрлерін атқара алады:
ғылыми және педагогикалық дайындық бағыты бойынша:
- ұйымдастырушылық-басқарушылық;
- ғылыми-зерттеу;
- педагогикалық;
- жобалау;
бейіндік дайындық бағыты бойынша:
- ұйымдастырушылық-технологиялық;
- есептеу-жобалау;
- ғылыми-зерттеу;
- өндірістік-технологиялық.
Практика базалары:
«Казхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.