6В07201 – Тау-кен ісі
Шифр-мамандықтың атауы:
6B07201– «Тау-кен ісі».
Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):
2016 жылдың қараша айында ҚР «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған акредиттеуден 5 жылға сәтті өтті (Куәлік 26.12.2016 бастап 25.12.2021 дейін жарамды, Тіркеу нөмірі №АВ1191).
Оқу түрі, мерзімі:
Күндізгі: 4 жыл, 3 жыл
Берілетін дәреже:
6B07201– «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры.
Кәсіби қызметінің саласы:
Білім алушының кәсіби қызметінің саласы: тау-кен құрылысы, тау-кен өндірісі кәсіпорындары, экономика салалары, әскери-өнеркәсіптік кешен, өнеркәсіптік өндіріс, жер қойнауын және пайдалы қазбаларды қорғау саласындағы мемлекеттік органдар, жобалық және ғылыми орталықтар болып табылады.
Кәсіби қызметінің нысандары:
6B07201– «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша оқу бітіруші түлектердің кәсіби қызмет ету объектілеріне: металлургия зауыттары, химиялық, кен-байыту фабрикалары, машина жасау өндіріс өнеркәсіптері, салалық ғылыми-зерттеу және жобалау институттары, зауыттық зертханалар , жоғары және орта техникалық оқу орындары жатады.
Кәсіби қызметінің пәні:
Жерасты және жерүсті нысандарының объектілері, аршылым технологиясы, үңгілеу және өндіру жұмыстары, тау-кен жұмыстарын жүргізу технологиясы, тау-кен және құрылыс жұмыстарын механикаландыру құралы, еңбекті қорғау және қауіпсіз жұмысты жүргізу әдісі, жабдықтар, аспаптар, ақпараттық жүйелер және бағдарламалық өнімдер болып табылады.
Кәсіби қызметінің түрлері:
6B07201– «Тау-кен ісі» мамандығын бітіруші бакалавр төмендегідей кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:
- өңдірістік-технологиялық;
- ұйымдастыру;
- есептеу-жобалау;
- эксперименттік-зерттеу.
Практика базалары:
«Казхром ТҰК» АҚ филиалы Дөң кен байыту комбинаты, «Восход-Хром» ЖШС.