Студенттік өмір

Студенттік өмір

24.02.2022 ж.

Д.ҚОНАЕВТЫҢ 110 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ФАКУЛЬТЕТ АРАЛЫҚ ШАХМАТТАН ТУРНИР

Сайысқа 8 факультеттің және Жоғары колледж командалары қатысты. Қатысушылар қарсыластарына дес бермей, жеңімпаз атану үшін барын салды.

Шахмат ойыны – спорттың жоғары дәрежелі зияткерлік түрі. Үлкен шыдамдылықты, шығармашылық ойлауды және өзін-өзі ұстай білуді талап етеді. Басқа спорттың түрлеріне қарағанда, бұл ойында ой жүйріктігі аса қажет.

Ақыл мен тапқырлықты ту етіп, логикалық ойлауға, болашақты болжауға, есте сақтау қабілетін арттыруға септесетін интеллектуалдық ойында ойы ұшқыр жастар жеңіске жетті.

Шахмат турнирінің қорытындысы бойынша:

1 орын – Кәсіби-шығармашылық факультетінің командасы

2 орын – Физика-математика факультетінің командасы

3 орын – Экономика және құқық факультетінің командалары жүлделі орындарға ие болды.

12-13.03.2022 ж.

ФАКУЛЬТЕТ АРАЛЫҚ ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ. ТУРНИРДЕН ЖИНАЛҒАН ҚАРАЖАТ СЕРІКҚАЛИЕВ АСЛАННЫҢ ЕМІНЕ АУДАРЫЛДЫ.

Турнирге 15 команда қатысып 130-дан астам студент бақ сынады.

✅Турнир төмендегідей қорытындыланды:

1 орын – PTF Empire (Кәсіби-шығармашылық факультеті)

2 орын – FC ACADEMY ZHUBANOV

3 орын- Элита (Кәсіби-шығармашылық факультеті)

Турнирдің үздіктері:

⚽Үздік ойыншы – Қаирбай Дамир

(FC ACADEMY ZHUBANOV).

Үздік қақпашы – Едресов Тамерлан (PTF Empire).

‍Үздік сұрмерген – Бекболатұлы Ислам (PTF Empire).

Турнирден жиналған қаражат Серікқалиев Асланның еміне аударылады.

29.04.2022 ж.

ЕСЕТ КӨКІҰЛЫНЫҢ 355 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «ҰЛТТЫҚ GAMES»  САЙЫС

«Көлік техникасы,тасымалдауды ұйымдастыру және құрылыс» кафедрасының ұйымдастыруымен батыр бабамыз Есет Көкіұлының 355 жылдығына орай ұлттық ойын түрлерінен «Ұлттық games» атты сайыс өтті.

Сайысқа әр кафедрадан 2 командадан жалпы саны 6 команда қатысты. Сайыс 4 турдан тұрды. Олар: асық ату, ләңгі тебу, қолкүрес және командалық арқан тартыс. Сайыс қатысушыларымен жеңімпаздарды Кафедра меңгерушісі Утебаев Исатай Сейтович құттықтап, арнайы сыйлықтар берді. Командалар төмендегідей нәтиже көрсетті.

-Born Qazaq

-Тенгиз

-Бірлік

4-6 Шаңырақ, Ынтымақ, Жалын

Асық ату,ләңгі тебу және қолкүрес сайыстарында Есетов Арман, Қылышбайұлы Даулеткерей, Жолдасбаев Есет жеке шеберліктерімен ерекше көзге түсті.

04.09.2021 ж.

Студенттік сенат студенттері Ғылыми кітапханасымен 5 қыркүйек “ҚР халықтарының тілдері” күніне орай “Туған тілім – тірлігімнің аймағы” атты кітап көрмесін ұйымдастырды.  Кітап көрмесінде қазақ тіліндегі, ағылшын және орыс тіліндегі оқулықтар ұсынылып, библиографиялық шолу жүргізілді.

9-10 қыркүйек, 2021 ж.

1 КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАМЕН ТАНЫСУ

9-10 қыркүйек күндері Tехникалық факультетінің  1 курс студенттері ғылыми кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету аясымен, ИРБИС бағдарламасын және электрондық ресурстарды пайдалану жолдарымен танысты.

10.09.2021 ж.

СТУДЕНТТЕР ҮЙІНДЕГІ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ

Қыркүйек  айының 10-ы күні факультет  деканының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Т.Оспанова №1 студенттер үйінде техникалық факультеттің 1 курс студенттерімен кездесу  өткізді.

Кездесу барысында студенттер үйінің  ішкі  тәртіп  ережесіне қатысты  жан-жақты, толық  мағлұматтар  берілді. Қауіпсіздік шаралары мен оларды  сақтау, қоғамдық орындарда өзін ұстау мәдениеті  мен азаматтық  парыздар мәселесі  тілге  тиек етілді.

Сонымен қатар, студенттердің хал- жағдайы, тұрмыс-тіршілігімен танысу жұмыстары жүргізілді.

30.09.2021 ж.

«ҰСТАЗ ҰЛЫҚ ЕМЕС, ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ» МЕРЕКЕЛІК ШАРА

1-ші қазан күні Ұстаздар күніне орай Техникалық факультеттің белсенді жастарының ұйымдастыруымен профессор-оқытушыларға арналған “Ұстаз ұлық емес, ұлы қызмет!” атты мерекелік шара өтті. Оқытушылардың қоғам мен адамзат алдында өлшеусіз еңбек етіп, сапалы кадр даярлау ісіне ат салысып, еліміздің еңбек нарығында сұранысқа ие болашақ мамандарды тәрбиелеумен айналысып, жастардың болашағын айқындап, тұлға болып қалыптасуы үшін аянбай төккен әр тамшы тері үшін барлық қоғам қарыздар десек артық айтпаймыз.

Кәсіби мереке қарсаңында факультет деканы А.М.Балғынова оқытушыларды құттықтап, жоғары білім беру саласына қосқан үлестері үшін алғыс хатпен марапаттады.

14.10.2021 ж.

«МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМНЫҢ КІЛТІ» МАМАНДЫҚТАР САЙЫСЫ

14 – ші қазан күні Техникалық факультетінде «Металлургия, тау-кен және мұнай-газ ісі» кафедрасының ұйымдастыруымен «Мамандығым – болашағымның кілті» атты сайыс өтті.

Бүгінгі күні кәсіби шеберлік – кез келген маманның қоғамдағы сұранысы мен орнын анықтайтын басты ұстаным. Әр маман иесінің қызмет көрсету деңгейі әуелі қызметкерлердің кәсіптік деңгейімен анықталады. Студенттердің мамандық құндылығы туралы түсінігін кеңейтіп, оның нәтижесінде еңбек қуанышы туралы ұғым беру мақсатында ұйымдастырылды.

Сайысқа факультетіміздің әр мамандығынан 1, 2, 3 курс студенттерінен құралған командалар қатысты. Байқау 4 кезеңнен өтті:

1 кезең – мамандық бойынша презентация көрсету;

2 кезең- мамандық туралы ән шырқау;

3 кезең – мамандық бойынша макет дайындап, оны таныстыру;

4 кезең – мамандыққа қатысты қойылым көрсету.

Байқау нәтижесі бойынша алға суырылып шығып, 1 – ші орынға «Электроэнергетика» мамандығының «Электроэнергетиктер» командасы иеленді. 2 орынды «Құрылыс» мамандығының «Монолит» командасы, 3 орынды «Пайдалы қазбаларды байыту» мамандығының «Кенді байытушылар» командасы өз қанжығаларына байлады. «Кенді байытушылар» командасы «Шынайы қондырғылар макеті» деген номинацияға, «Мұнай тамшылары» командасы «Ең креативті қойылым» номинациясын, «Ең креативті орындау» номинациясын «Кеншілер» командасы иеленді.

15.10.2021 ж.

«ЗАМАН ЖАСТАРДІКІ» КВН ОЙЫНДАРЫ

Қазанның 15-і күні факультетімізде “Заман жастардікі” КВН ойындарынан декан кубогы өтті. Ойынға 1-2-3 курс студенттері арасынан 4 команда қатысты. КВН қорытындысы бойынша:

Бас жүлде – еркін құрама “Рояль” командасы;

1 орын – құрылыс мамандығы “Фаворит” командасы;

2 орын – мұнай-газ мамандығы “2GIS” командасы;

3 орын – электроэнергетика мамандығы “Интрига” командасы.

Және “Үздік ойыншы” номинациясын Жұмамұрат Дінасыл иеленді.

20-27.10.2021 ж.

«МЕЙІРБАНДЫЛЫҚ-ЖҮРЕКТЕН, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ-БІЛЕКТЕН» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

Техникалық факультетінің “Qoldau” қайырымдылық клубының ұйымдастыруымен өткен “Мейірбандылық-жүректен, қайырымдылық-білектен” акциясы өз мәресіне жетті.

Акция 20-27 қазан аралығында ұйымдастырылған болатын. Акцияға клуб еріктілері, факультет белсенділері және студенттері өз үлестерін қосты.

Акция барысында факультетімізде жұмыс жасайтын 8 кіші қызметкерге азық-түлікпен көмек көрсетілді. Және де қала тұрғыны көп балалы, жалғызбасты 5 анаға киім-кешекпен, азық-түлікпен, шаруашылық заттарымен көмек көрсетілді.

28.12.2021 ж.

«ТЕХФАК ЖЫЛЫТАДЫ» АТТЫ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ КОНЦЕРТ

2021 жылдың 28-ші күні студенттер сарайында техникалық факультетінің студенттік сенаттың ұйымдастыруымен мерелік шара өтті. Шара барысында әр түрлі сала бойынша факультеттің қоғамдық өміріне белсене аралып жүрген студенттер деканның алғыс хатымен марапатталды. Жалғасы мерекелік қойылыммен жалғасты.

02.03.2022 ж.

«МЕЙІРБАНДЫЛЫҚ-ЖҮРЕКТЕН, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ-БІЛЕКТЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ

“Qoldau” қайырымдылық клубының ұйымдастыруымен өткен “Мейірбандылық-жүректен, қайырымдылық-білектен” жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге клуб еріктілері, факультет белсенділері және студенттері өз үлестерін қосты.

Жәрмеңке қорытындысы бойынша түскен ақшаны Нағашыбаева Наргиза Болатқызының еміне қосылды.

04.03.2022 ж.

«АРУЛАР-ӨМІРДІҢ ШУАҒЫ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай техникалық факультетінің ер-азаматтары және студенттік сенаттың ұйымдастыруымен «Арулар-өмірдің шуағы» атты мерекелік шара өтті. Факультетіміздің барлық нәзік жандыларын мерекемен құттықтап, ілтипаттарын көрсетті.

14.03.2022 ж.

АМАЛ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ЭТНО-ТИМБИЛДИНГ

Амал-Көрісу күні. Көрісу айт – бірлікті бекемдейтін ғұрып. Бірліктің белгісіне, татулықтың таңбасына айналған қастерлі мерекеде кең құшақтар айқара ашылып, төс қағыстырып, алыс-жақынкөрісіп, бар өкпе-наз кешіріледі.

Осы ізгілік пен ілтипаттың, қайырымдылық пен кешірімнің мерекесі қарсаңында техникалық және физика-математикалық факультетінің ұйымдастыруымен этно-тимбилдинг мерекелік іс-шара өтті. Ұлттық дәстүрімізді ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған шарада дастархан жайылып, күріш пісірілді. Жігіттер “Қол күрес”, “Асық ату” ұлттық ойындарына қызығушылықпен қатысты.

16.03.2022 ж.

«Мейірбандылық-жүректен, қайырымдылық-білектен» атты жоба аясында Серікқалиев Асланның еміне көмек көрсету

Техникалық факультетінің «Qolday» қайырымдылық клубының «Мейірбандылық-жүректен, қайырымдылық-білектен» атты жоба аясында Серікқалиев Асланның еміне көмек көрсету техникалық факультетінің инстаграм парақшасында тікелей эфир өткен болатын. Серікқалиев Асланның диагнозы: К74. 4Вторичный билиарный цирроз ауруымен ауырып жатыр. Еміне 23 724 268 тг қажет.4-сағаттық тікелей эфирде қайырымды жандардың арқасында 305 000 тг қаражат жиналды. Тікелей эфирге көп жандардың еміне қаражат жинауға себепші болып жүрген астаналық блогерлер атсалысты: @ainuw_ka @almatovd @kris.p.astana @muzvi_kz.

22.03.2022 ж.

«ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ!» АТТЫ 22 НАУРЫЗҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА

22 наурыз күні-Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда Ұлыстың Ұлы күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Іс- шараға техникалық факультеті жауапты болды. ПОҚ ағаш үйді жабдықтаумен, дастархан әзірлеумен айналысса, белсенді студенттер мерекелік концерт әзірледі.

Ұлттық дәстүрімізді ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған шарада сахналық қойылым қойылды, студенттер мен оқытушылар өз өнерлерін көрсетіп, бауырсақ пісіріліп, наурыз көже таратылды.

19.04.2022 ж.

«PLAY AND KNOW» ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ

«Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен ойынға «Көлік техникасы, тасымалдауды ұйымдастыру және құрылыс» кафедрасынан «Көлік қызметкерлері», «Мұнай – газ ісі» кафедрасынан «Тенгиз», «Металлургия және тау – кен ісі» кафедрасынан «Менталитет» атты командалары қатысты. Ойын қызықты әрі танымды өтті. Нәтижесінде «Көлік қызметкерлері» командасы 1 – ші орынға, «Тенгиз» командасы 2 – ші орынға, «Менталитет» командасы 3 – ші орынға ие болды.

21.04.2022 ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ, ҚАЗАҚСТАН ЕҢ ҮЗДІК ӘЙЕЛІ, ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ, «ПАТРИОТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІ ҮШІН» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛҒАН, «АЛТЫН АЛҚА» ИЕГЕРІ, «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ГРАН ПРИ ИЕГЕРІ, «ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕГІ ҮШІН» ТӨС БЕЛГІСІНІҢ ИЕГЕРІ, ТӘЖІРИБЕЛІ ПЕДАГОГ ЖӘНЕ МЕДИАТОР ӘБІЛДАЕВА БИБІГҮЛ ӘБДІШҮКІРҚЫЗЫМЕН КЕЗДЕСУ

«Металлургия және тау – кен ісі» кафедрасының ұйымдастыруымен қыз балалар қауымы Қазақстан Республикасының құрметті азаматы, Қазақстан ең үздік әйелі, ұлағатты ұстаз, «Патриоттық белсенділігі үшін» медалімен марапатталған, «Алтын алқа» иегері, «Мерейлі отбасы» гран при иегері, «Елеулі еңбегі үшін» төс белгісінің иегері, тәжірибелі педагог және медиатор Әбілдаева Бибігүл Әбдішүкірқызымен «Қыз бала арымен қымбат» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Әңгіме барысында Бибігүл апай қыз балалардың тәрбиесіне аса мән беру керектігін айтты. Адам баласы үнемі ізденіс үстінде болып, өзін үнемі тәрбиелеп жүруін ашшып айтты. Бұрыңғы ата – бабаларымыз айтып кеткен, ұмытылып кеткен салт – дәстүрлерден сыр шертті.

29.04.2022 ж.

«ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ – АҢЫЗ АДАМ!» АТТЫ ӘДЕБИ- ТАРИХИ КЕШ

«Мұнай газ ісі» кафедрасының ұйымдастыруымен «Әлихан Бөкейханов – аңыз адам!» атты әдеби- тарихи кеш ұйымдастырылды. Аталған іс- шараға Қ.Жұбанов атындағы АӨУ Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік- саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі – Сәрсембин Үмбетқан Қуандықұлы шақырылып, тақырыпқа сай баяндама жасап, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп отырды.

Ә. Бөкейхановқа арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Сүндетова Жания Сагнаевна сөз алып, көрмедегі әдебиеттер мен шығармаларды таныстырып, студенттердің ізденуге, білімге деген қызығушылығын арттырды.

08.05.2022 ж.

А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 150 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ “ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰСТАЗЫ” АТТЫ  ТУРНИРІ

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаменті және Техникалық факультетінің “ӨЗГЕРІС” ДК ұйымдастыруымен А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай “Ұлтымыздың ұстазы” атты  турнирі өтті. Турнирге Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті және Қазақ-Орыс Халықаралық университеттері, Баишев жоғары медициналық колледжі, Ақтөбе гуманитарлық колледжі және Ақтөбе Жоғары политехникалық колледждері және қалалық, облыстық мектептерден келген 28 фракция қатысты.

Турнир жеңімпаздары:

  • 1-ші орын “Біз екеуміз” фракциясы
  • Қадірбек Іңкәр (Шабыт зияткер-элиталар одағы)
  • Бисенбаева Айгерім (Қадам дебат клубы)
  • 2-ші орын” 22:15″ фракциясы
  • Майлишов Бекбол (Эристика дебат клубы)
  • Зейнелғабылова Жаннұр (Ақтөбе пікірталас орталығы)
  • 3-ші орын “Серілер” фракциясы
  • Сермағамбетов Мейірлан (LD дебат клубы)
  • Бақбергенов Ришат (Ақтөбе пікірталас орталығы)
  • 3-ші орын “қырық мысал” фракциясы
  • Бекжанова Томирис (Жаңа ғасыр дебат клубы)
  • Ибадуллин Нұртілек (Баишев колледжі)
  • Жастар финалының чемпионы “QRep” фракциясы
  • Темірхан Ержан( мектеп лигасы )
  • Мажитова Ақнұр( мектеп лигасы)
  • Түрнирдің үздік спикері
  • Майлишов Бекбол (Қазақ-Орыс Халықаралық университеті)
  • Түрнирдің үздік төрешісі
  • Қанатқалиев Әділхан (Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті)

04.06.2022 ж.

«АРАЙЛЫ АҚТӨБЕМ – ҚҰТТЫ МЕКЕНІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ

2022 жылдың 3 маусым күні Ақтөбе облысының 90 жылдығына орай Алия ескерткіші алдында Техникалық және Жаратылыстану факультеттерінің ұйымдастыруымен «Арайлы Ақтөбем – құтты мекенім» атты мерекелік концерт өткен болатын.

16.10.2021 ж.

«ТАЗАЛЫҚТЫ ӨЗІҢНЕН БАСТА» СЕНБІЛІК ШАРАСЫ

Табиғатты, айналамызды таза ұстау – бұл да мәдениеттің бір түрі.

16-шы қазан күні студенттік сенатор Ізбасар Ділназдың бастауымен, ЭЭк-102, ОПИ-1, НГДр-1 топ студенттерінің қатысуымен факультет аумағында сенбілік жұмыстары жүргізілді.

04.12.2021 ж.

АУДИТОРИЯЛАРДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

2021 жылдың 4-ші желтоқсан күні 1-4 курс топ студенттерінің қатысуымен тазалық күні өтті. Барлық студенттер өздерінің оқып жатырған аудиторияларын жинастырып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

 14.02.2022 ж.

ҚАР ТАЗАЛАУ АКЦИЯСЫ

Студенттік сенаттың белсенді жастары факультетіміздің кіші қызметкерлеріне көмек көрсету мақсатында сабақ үзіліс уақытында факультет аумағында қар тазалауға шықты.

09.04.2022 ж.

«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН- ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» СЕНБІЛІК АКЦИЯСЫ

Техникалық факультетінің Студенттік сенат белсенділері «Жаңа Қазақстан- Таза Қазақстан» атты екі айлық акциясына байланысты сенбілік жұмыстарын жүргізді.

Ақтөбе қалалық әкімшілігімен бөлінген жердің аймағында тазалық жұмыстары жүргізілді.

06.04.2022

«Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасының аға оқытушысы Сұлтанов Мұратбек Ғабитұлы мен кафедрамыздың практик маманы Көбенов Сағынбек Табылдыұлының жетекшіліктерімен Тау-кен ісі Білім бағдарламасы бойынша оқитын 2 курс магистранттары Дөң кен-байыту комбинатынан Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жылдық шахтасының, -160 деңгейжиегінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Магистранттар ПР2 бастығы Сансызбаев К.К. бастауымен толық жұмыс аумағымен танысып, қойған сұрақтарына толыққанды жауаптар ала алды. Наурыз айының 1-15 аралығында ұйымдастырылған ғылыми тағылымдаманың маңызы зор. Өйткені магистранттарға диссертациялық жұмыстарын толық пысықтап шығуы үшін қосымша материалдар мен жаңаша мәліметтер алуға бірден-бір себеп болары сөзсіз. Диссертация алдында ғылыми тағылымдамадан өткен магистранттар алған тәжірибелері нәтижесінде диссертациялық жұмыстарын сәтті аяқтайды деген сеніміміз мол.

15.12.2021

Бүгін факультет қабырғасында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Көлік техникасы, тасымалдауды ұйымдастыру және құрылыс» кафедрасының және студенттік сенаттың ұйымдастыруымен

«Тәуелсіз елім – тірегім!» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.

Шараның мақсаты:

  • Іргелі еліміздің Тәуелсіздігін ұлықтау. ▪Кейінгі ұрпаққа отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу.
  • Отан үшін отқа түсетін ел жанды, ұрпақ тәрбиелеу.

Шараға Басқарма мүшесі, Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор – Муханбеткалиев Есбол Есенбайулы, Тарих факультеті Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі – Сәрсембин Үмбетқан Қуандықұлы, Тарих факультеті Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының оқытушысы Мухитов Орынбасар Максатович, факультетімізде қызмет жасайтын Тәуелсіздік құрдастары және де факультет белсенділері қатысты. Шара Муханбеткалиев Есбол Есенбайулының құттықтау сөзімен басталды 🎙️, әрі қарай баяндамалар оқылып, «Көлік техникасы, тасымалдауды ұйымдастыру және құрылыс» Құрылыс мамандығының 2-курс студенттері Мұхит Әсеттің «Тұғырлы Тәуелсіздікке тарту» арнауы және Әлімжан Елбайдың «Қазақ осы» термесімен жалғасын тапты. Шара соңында «Көлік техникасы, тасымалдауды ұйымдастыру және құрылыс» кафедрасының меңгерушісі Утебаев Исатай Сейтович атаулы мерекемен құттықтай отырып, шара қонақтарына, баяндамашыларға, қатысушыларға және де белсенді студенттерге өз алғысын білдірді

15.04.2022

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Ғылым аптасы аясында Техникалық факультеті «Мұнай – газ ісі» кафедрасының ұйымдастырумен 15 сәуірде “SPE PetroBowl” интеллектуалды ойыны өтті.

Интеллектуалды ойынға Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі, С.Бәйішев атындағы университеті және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің командалары қатысты. Интеллектуалды ойын

Ақтөбе өңірлік университетінің Ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры  Бекназаров Рахым Агибаевич алғы сөзімен басталды. Ойынға әлеуметтік серіктестеріміз:

СНПС, Ақтөбемұнайгаз» АҚ  «Мұнай-газ кен орындарын игеру және пайдалану» департаментінің маманы Құдайбергенов Жақсыбай  Раматович,

«ОМАС Интегрейд» ЖШС техникалық директоры Ажекенов Жанат Сембаевич,

«ОМАС Интегрейд» ЖШС зертхана меңгерушісі Хабибулин Ильдар Ильясович

Мұнай газ кен орындарын игеру департаменті директорының орынбасары Аширбеков Руслан,

Мұнай газ өндіру департаменті директорының көмекшісі Арзукулов Беркут төрелік етті.

1-орын.  С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті;

2-орын. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

3- орын. Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі.

Осы SPE Pertobowl интеллектуалды ойынын дәстүрге айналдырып, келер оқу жылында 1-орын алған оқу ордасында ұйымдастырылатын болды.

Интеллектуалды ойынды ұйымдастырушы “Мұнай газ” кафедрасының оқытушылары: аға оқытушы Котик Е. П., phd, аға оқытушы Саркулова Ж.С., оқытушы, магистр Сейтен А.Б. алғысымызды білдіреміз.

25.04.2022

Ағымдағы жылдың, сәуір айының 25-ші жұлдызында, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің техникалық факультеті – «Металлургия», «Электроэнергетика», «Көлік, көлік техникасы және технологиясы» және «Автоматтандыру және басқару» БББ 1-3-ші курс студенттері, «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасының оқытушылары С.К. Кабылканов және С.Е. Сүйінтаеваның жетекшілігімен «оқу орындарында ERG күні және ашық есік күні» аясында «Ақтөбе ферроқорытпа зауытымен» (АО «ТНК «Қазхром») танысу сапары жүргізілген болатын. Өндірістік экскурсиясының басты мақсаттарының бірі – студенттерді кәсіпорынмен, оның ішкі тәртібімен, шығарылатын өнімдермен таныстыру және студенттердің қызығушылықтарын арттыру болып табылады.

Экскурсия келесідей бөлімдерден тұрды: Ең алдымен, кәсіпорын басшылары студенттерді қысқаша презентация түрде «Ақтөбе ферроқорытпа зауыты» туралы мәліметтермен (тарихымен) және кәсіпорынның қауіпсіздік ережелерімен таныстырды. Келесі кезекте, студенттер зауыттың №1-ші, №2-ші, №4-ші балқыту цехтарын және басқада қосалқы цехтарын (зертханалық, дайын өнім цехы және т.б) аралап, жұмыс істеу процесімен таныстырылды. Және, кәсіпорынның әрбір цехтарының шығаратын өнімдері мен қолданылатын шикіқұрам материалдарымен таныстырылды.

Қорытындылай келе, кәсіпорынға экскурсия қызықты ғана емес, сонымен қатар өте пайдалы болғанын атап өткіміз келеді, өйткені студенттер өндіріс процесін өз көздерімен қадағалап, өздерінің ойларында жүрген сұрақтарына жауаптарын алды. Атап айтқанда, компанияның болашақ жоспарлары, оның ерекшеліктері, пештердің қалай жұмыс жасайтыны және шығарылатын өнімнің қандай пайдасы бар екендігі туралы білді.

Біздің студенттер болашақта жақсы маман иегері болатынына сенімдіміз!!!

23.04.2022

«Қош келдің-Жас Жұбановшы» атты университет студенттері арасында өткен «Ректор кубогі-2022» қазақша КВН ойындарында 2-орын иеленуімен, факультетіміздің мақтаныштары Benjamin Franklin командасын шын жүректен құттықтаймыз!💚

Факультетіміздің атын асқақтатып, алар асуларыңыз, жетер жетістіктеріңіз көп болсын!

20.06.2022

14 маусым күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Техникалық факультетінің «Қара металдар металлургиясы» мамандығын 20 жыл бұрын тәмамдаған түлектер, өздері түлеп ұшқан білім ордасына сыйлық ретінде «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасына Ақтөбе ферроқорытпа зауытының №4 Балқыту цехындағы балқыту пешінінің 3D модельді макетін сыйға тартты. Бүгінде факультетіміздің түлектері биік белестерге жетіп, жоғары лауазымды қызметтерге жеткендігі рас. 20 жыл бұрын университет қабырғасынан шыққан түлектер қатарына «Казхром Транс Ұлттық Компаниясының» Акционерлік қоғамының филиалы Ақтөбе ферроқорытпа зауытының директоры Мусабеков Жалгасбай Берекетович, директордың орынбасары Абдулабеков Ержан Эдгарович секілді тау тұлғалар жатады. Айта кету керек, аталған тұлғалар университетімізбен тығыз қарым-қатынас жүргізіп, Модульді оқу бағдарламасы мен Модульді білім бағдарламаларын құрастырушылар мен жұмыс берушілер қатарында бар, сонымен қатар «Металлургия», «Тау-кен ісі» және «Пайдалы қазбаларды байыту» білім бағдарламалары бойынша студенттеріміздің өндірістік тәжірибеден өту барысына үлкен мүмкіндіктер жасап, университетіміздің жандануына елеулі әсер етіп жүрген жандар болып саналады. «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасына сыйға тартылған макет студенттерге ақпараттық-танымдық бағытта оқытушылар үшін үлкен көмегін тигізеді деп сенеміз. Сыйлыққа тартылған макет – Ақтөбе ферроқорытпа зауытының №4 Балқыту цехындағы балқыту пешінінің 27 есе кішірейтілген масштабындағы, дәл кескінді, 3D форматты модель болып табылады. Шараның ұйымдастырушылары Мусабеков Жалгасбай Берекетович пен Абдулабеков Ержан Эдгаровичтердің айтуы бойынша бұл сыйлық іскер аға буынның жас ұрпаққа жасаған сыйы. «Бұл 3D форматты модель біріншіден білім алған ордамызға сыйлық ретінде, екіншіден студенттерге және оқытушы әріптестерімізге деген қолдау ниетімен беріліп отыр. Ұсынылған макет барлығына ұнайды деген ойдамыз» – дейді олар. 20 жыл бұрын тәмамдаған түлектердің сыйлық табыстау барысына «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасының меңгерушісі техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Жумагалиев Ерлан Уланович қатысып, түлектердің бұл бастамаларына алғыс айтты.

16.09.2022

«Көлік техникасы, тасымалды ұйымдастыру және құрылыс» кафедрасының меңгерушісі Утебаев Исатай Сейтович кафедраның ПОҚ құрамымен және студенттермен 2022 жылдың қыркүйек айындағы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылады. Жолдаудың бағыт-бағдарымен толықтай таныстырды. Кездесу соңында жолдауды қолдауға және біргелікте әрекет жасауға шақырды.

22.02.2022

Факультетте Түлектер қауымдастығының кезекті отырысы өтті. Шараны факультет деканы т.ғ.к., доцент А.М.Балгынова ашты. Түлектер қауымдастығы факультеттің барлық жылдарындағы студенттер мен түлектер арасындағы ынтымақтастық байланыс пен ұжымдық рух, білім беру, ғылыми және мәдени деңгейді жоғарылату, түлектер мен оқытушылар арасындағы ақпараттық алмасуды нығайту мақсатында құрылды. Қауымдастық мүшелері жоспарда белгіленген жұмыстарды талқылап, өз ойларымен бөлісті. Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар нақтыланды.

29.03.2022

«Мұнай – газ ісі» кафедрасының 4 ші курс студенттері «ОМАС Интергрейтед» компаниясы ұйымдастырып отырған, «Бұрғылау ертінділерін дайындау» зертханасында тәжіриебеден өтуде.

Студенттеріміз зертхана жұмыстарына араласпай тұрып, техника қауіпсіздігінен өтті.Техника қауіпсіздігін өткізген инженер Арун Темірхан .

Содан- соң бұрғылау ертіндісін дайындауға кірісіп кетті.

Жалпы, ұйымдастырылып отырған зерттеу жұмыстары нәтижесінде, бүгінгі түлектеріміз осы аталмыш компанияның қызметкері болады деген сенімдеміз.

12.04.2022

Қ.Жұбанов атындағы АӨУ Техникалық факультетінің “Көлік техникасы, тасымалдауды ұйымдастыру және құрылыс” кафедрасының 6В07303- “Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру” және 6В07301-“Құрылыс” БББ бойынша 2022 жылдың 11.04 күні өткізілген факультет аралық ғылыми апталығында “Инженерлік графика” және “Компьютерлік графика” пәндері бойынша пәндік олимпиада өткізілді. Ұйымдастырушылар: п.ғ.к., доцент Шильмагамбетова Ж. және аға оқытушы Таханова Г.Ж. 6В07303- “Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру” және 6В07301-“Құрылыс” БББ студенттері арасында өткізілді.

28.04.2022

Павлодар қаласы Торайғыров университетінде 2022 жылдың 21-22 сәуірінде «Металлургия» мамандығы бойынша жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткен Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің командасы жүлделі 2 орынға ие боды. Аталған олимпиадаға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Техникалық факультетінің «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасының оқытушысы Бурумбаев Азамат Галимжановичтің жетекшілігімен «Металлургия» ББ 2 курс студенті Алпысбаев Нұрсұлтан Қайратұлы, 3 курс студенттері Жетпісбайұлы Орынбасар, Қайыржанов Диас Алтынбекұлынан құралған команда барған болатын. Республикалық пәндік олимпиаданың нәтижесі бойынша 3 дәрежелі дипломмен Қайыржанов Диас Алтынбекұлы марапатталды. Техникалық факультетінің «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасының «Металлургия» ББ командасын жеңістерімен құттықтаймыз.

18.05.2022

Ағымдағы жылдың 18-ші жұлдызында Техникалық факультетінің «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасының оқытушылар құрамы мен Металлургия, Тау-кен ісі, Пайдалы қазбаларды байыту білім бағдарламаларының 1,2,3 курс студенттерімен Профессорлық оқытушылар құрамымен кездесуі өтті. Кездесу мақсаты 1 курс студенттерін кафедра оқытушыларымен таныстыру және жетістікке жеткен студенттерді марапаттау, 1-2 курс студенттерін ынталандыру, мотивация беру болды. Кездесу барысында республикалық пәндік олимпиададан орын алған студенттерді марапаттау, Micromine Origin бағдарламасы бойынша курстан өткен студенттер мен оқытушыларға сертификаттарын табыстау, сонымен қатар серітесіміз «Казхром» ТҰҚ атаулы стипендиясын иеленген оқу озаттарына сертификаттар табысталды. Кездесу кезінде студенттерге кафедра оқытушылары сәттіліктер, алдағы уақытта сапалы білім нәрімен сусындап,өз істерінің маманы болуларын тіледі.

17.11.2022

«Аким Актюбинской области Ералы Тогжанов передал благодарственное письмо студентам»

Наградили студентов, активно участвовавших в общественно-политической жизни региона. Среди победителей премии Ораков Сатбек Ерланович, студент третьего курса ВВ «Нефтяно-газовый бизнес» нашего факультета. От всей души поздравляем нашу молодежь, активно участвующую в общественной жизни от имени нашего факультета!

18.11.2022

Хромтау қаласында №7 мектеп-гимназиясында, аудан мектептерін есепке алғанда, 27 мектеп оқушылары мен ата-аналары қатысқан ҰБТ тапсыру ережелерімен таныстыру өтті. Астана қаласының ҰБТ орталығының директоры Емелбаев Руслан Тохтарбекұлы жүргізді. Түлектерге ҰБТ ережелерін нақтылап түсіндіріп берді. Сөз соңында, мамандықты жүрек қалауы бойынша таңдау керектігін айтып кетті. Осы тұрғыда Қ.Жұбанов атындағы АӨУ-ң физика-математика факультетінің деканы А.Т.Аймукатов сөз алып, құнды ақпараттармен бөлісті.

«Мұнай-газ ісі» кафедрасының меңгерушісі Б.Г.Алматова, Қазақстан Республикасы бойынша алғаш рет HERIOT WATT (Шотландия) университетімен, Қ.Жұбанов АӨУ-ң арасындағы филиал ашу туралы келісім-шарт жасалғанын, ол «Мұнай-газ», «Электротехника» ББ-ы бойынша, 2023-2024 оқу жылында 100 студенттен «Қос диплом» бағдарламасы жүзеге асады. Қабылданған студенттерден ағылшын тілін меңгеру міндеті қойылатынын жеткізді.

HERIOT WATT университетінің тарихы өте тереңде. 1821 жылы Эдинбургте бірінші техникалық институты болып қалыптасқан. Университет болып 1966 жылы, ал 1852 жылы Джеймс Уатт есімі берілді. Шотландық өнер тапқыш инженердің ескерткіші, бас кампусының алдында орналасқан.

HERIOT WATT университеті бірнеше елдермен тығыз байланыста, сондай-ақ ғылыми техникалық бағытта серіктес.

Міне, енді біздің білім алушыларымызда, осындай әлемге әйгілі шетел университетінің студенті болу мәртебесіне ие болады.

2023-2024 оқу жылына дайындық «Мұнай-газ ісі» кафедрасында «қос диплом», «қос тілді» бағытында білім бағдарламаларын даярлау басталып кетті. Осы тұрғыда Хромтау мектептерімен жүргізілген кәсіби бағдар да, өз ерекшелігімен өтті. Оқушылар мен ата-аналар тарабынан сұрақтарға жауап беріліп, қызығушылық танытқандары белгілі болды. Әрине бұл бастама да қолдау болғаны бізді қуантады. Жалпы білім беру жүйесін трансформациялау, сандық білім беру технологиялары, коллаборация қоғамдағы жетекші күш екенін айта келе, кафедрамыздың профессорлық оқытушылар құрамы «ағылшын тілін» оқуға кірісіп кеткені, алдағы уақытта тілді толыққанды меңгере отырып, өз қолданыстарын табады деген үмітіміз бар.