6В07204 – Пайдалы қазбаларды байыту
Шифр – мамандық атауы:
6В07204 – Пайдалы қазбаларды байыту
Аккредитациядан өту (өту жылы, өткен мерзімі):
–
Оқу мерзімі:
Күндізгі: 4 жыл
Берілетін дәреже:
6В07204 – Пайдалы қазбаларды байыту мамандығы бойынша техника және технология бакалавры
Кәсіби қызмет саласы:
Бакалавриатты бітірген мамандар пайдалы қазбаларды байыту саласындағы ғылыми зерттеулерді орындайды, пайдалы қазбалар кен орындарын жобалау принциптерімен таныс, қазіргі заманғы байыту технологияларының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін берік негізге және жоғары сапалы инженерлік-техникалық білімге ие.
Олар өндірістік процестерді ұйымдастырумен, орындаумен және бақылаумен, қауіпсіз жұмыс жағдайларын қамтамасыз етумен, еңбек пен қоршаған ортаны қорғаумен айналысады.
Кәсіби қызметінің нысандары:
Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері тау-кен өнеркәсібінің кәсіпорындары, тау-кен байыту комбинаттары, фабрикалар, салалық ғылыми-зерттеу және жобалау институттары, фабрика зертханалары, орта, кәсіптік оқу орындары болып табылады.
Кәсіби қызметінің пәні:
- Пайдалы қазбаларды байыту негіздері
- Пайдалы қазбаларды байытуға дайындау процестері мен жабдықтары;
- Минералогия және пайдалы қазбалар кен орны;
- Гравитациялық байыту әдістері
- Байытудың флотациялық әдістері
Кәсіби қызметінің түрлері:
6В07204 – Пайдалы қазбаларды байыту мамандығының бакалаврлары келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:
- өндірістік-технологиялық;
- ұйымдастыру;
- есептік-жобалық;
- эксперименттік-зерттеу.
Тәжірибелік базалары:
Ақтөбе ферроқорытпа зауыты «Қазхром «ТҰК» АҚ филиалы»;
Дөң тау-кен байыту комбинаты «Қазхром «ТҰК» АҚ филиалы».