6B07302 – Көлік құрылысы
Шифр – мамандықтың атауы:
6B07302 – «Көлік құрылысы».
Оқу түрі, мерзімі:
Күндізгі: 4 жыл, 3 жыл
Берілетін дәреже:
6B07302 – «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры.
Кәсіби қызметінің саласы:
- автомобиль жолдары мен автомобиль жолдарын, қала көшелерін, көпір өткелдерін жобалау;
- жол саласы объектілерін салуды және қайта құруды ұйымдастыру бойынша жобаларды әзірлеу;
- жолдар мен аэродромдарды салу, жөндеу, қайта құру, пайдалануға беру болып табылады.
Кәсіби қызметінің нысандары:
Түлектер жол-құрылыс материалдарын өндіруде, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуде, жолдар мен қалалардың, көшелер, аэродромдар, ғимараттар мен басқа да көлік құралдарының, коммуналдық қызметтердің, инженерлік-техникалық қызмет көрсету орындарының инженерлерінің және білім беруші инженерлері жұмысымен айналыса алады.
Кәсіби қызметінің пәні:
«Темір жолдарды зерттеу және жобалау», «Көліктік құрылыстағы инженерлік құрылыстар», «Көпір және туннель құрылысын ұйымдастыру, жоспарлау және басқару» және т.б.
Кәсіби қызметінің түрлері:
Өндірістік және басқару қызметі:
Көлік, құрылыс индустриясы кәсіпорындарының ғимараттары мен құрылыстарын салу, қайта құру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарымен айналысатын командаларды басқару.
Жобалау қызметі:
Көліктік құрылыс объектілерінің ғимараттары мен құрылыстарын салу және қайта құру бойынша жобалық-сметалық құжаттама және жобалау жұмыстарын орындау.
Ұйымдастырушылық және технологиялық қызмет:
құрылыс, коммуналдық ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмысын ұйымдастырады.
Практика базалары:
«Трансмостгрупп» ЖШС, «КТП» ЖШС, «BI Group» ЖШС.