6B07301 – Құрылыс

Шифр – мамандықтың атауы:

6B07301– «Құрылыс».

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):

2016 жылдың қараша айында ҚР «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған акредиттеуден 5 жылға сәтті өтті (Куәлік 26.12.2016 бастап 25.12.2021 дейін жарамды, Тіркеу нөмірі №АВ1194).

Оқу түрі, мерзімі:

Күндізгі: 4 жыл, 3 жыл

Берілетін дәреже:

6B07301– «Құрылыс» мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры.

Кәсіби қызметінің саласы:

Құрылыс, машина жасау құрылысы, химиялық, тау-кен ісі, мұнай және газ өнеркәсіптері, металлургия саласында қызмет ете алады.

Кәсіби қызметінің нысандары:

Бітірушілердің кәсіптік қызмет нысаны құрылыс-жинақтау басқармалары мен ұжымдары, құрылыс бұйымдарын өндіретін зауыттар, коммуналды шаруашылық мекемесі, құрылыс техникасы мен қондырғыларын жөндеу және пайдалану мекемелері, құрылыс бойынша акционерлік бірлестік бола алады.

Кәсіби қызметінің пәні:

Құрылыс өндірісінің технологиясы.

Кәсіби қызметінің түрлері:

өндірістік-басқарушылық:

  • ғимараттарды, имараттарды инженерлік жүйелер мен жабдықтарды тұрғызу, жаңғырту бойынша құрылыс-жинақтау жұмыстарын атқаратын;
  • құрылыс машиналарын, механикалық, электрлік жабдықтарын және автоматтау құралдарын пайдаланатын және жөндейтін ұжымдарды басқару;

жобалық-конструкторлық:

  • ғимараттар мен имараттарды, инженерлік жүйелерін, механикалық және электрлік жабдықтары мен механизациялау құралдарын тұрғызу және жаңғырту бойынша жобалық-конструкторлық жұмыстарын орындау;

ұйымдастыру-технологиялық:

  • муниципалдық ұйымдар мен кәсіпорындарының құрылыстық жұмыстарын ұйымдастыру;

ғылыми-педагогикалық:

  • жалпы білім беру мекемелерінде және зерттеу орталықтарында ғылыми-педагогикалық қызметті жүргізуге, ғылыми зерттеу жұмыстарын орындауға қатысу.

Практика базалары:

ЖШС«СтройИнвест KZ-2050»,  ЖШС«НұрСтройОйыл» , ӨК«Актюбгражданпроект», ЖШС«Мир Проект», ЖШС«СпецДиагностика», ЖШС «Армара Проект».