7M07106 – Электроэнергетика
Білім беру бағдарламасының шифры және атауы
7M07106-Электроэнергетика
Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):
–
Оқу түрі, мерзімі
Ғылыми және педагогикалық бағыт – 2 жыл
Берілетін дәреже:
Ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша
7M07106-Электроэнергетика ББ бойынша техника ғылымдарының магистрі
Кәсіби қызмет саласы:
Магистратураны бітірген мамандар орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында педагогикалық қызметпен айналысады, өнеркәсіптік кәсіпорындарда өндірістік-технологиялық және ұйымдастырушылық жұмыстарды орындайды, сондай-ақ электр энергетикасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Кәсіби қызметтің нысандары:
Әскери-өнеркәсіптік индустрия, көлік және байланыс, ауыл шаруашылығы және коммуналдық шаруашылық, білім беру және тұтыну салалары, жобалау ұйымдары, әртүрлі меншік нысанындағы фирмаларды қоса алғанда, барлық саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар.
Ғылыми және педагогикалық дайындық кезінде мемлекеттік басқару органдары, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдары, мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанындағы ұйымдар, ауыл және коммуналдық шаруашылық, электр энергиясын өндіру, беру және тұтыну салалары.
Кәсіби қызметтің түрлері
- ғылыми-зерттеу қызметі:
- жобалау-конструкторлық қызмет:
- ұйымдастыру-басқару қызметі:
- педагогикалық қызмет:
- өндірістік-технологиялық қызмет:
- монтаждау-реттеу қызметі:
- сервистік-пайдалану қызметі:
Практика базалары:
«Казхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы, «KEGOK» АҚ, «Кернеу-АТ» ЖШС, “ЭнергоСистема” ЖШС ӨЭК