6B07203 – Металлургия
Шифр – мамандықтың атауы:
6B07203– «Металлургия».
Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):
2015 жылдың наурыз айында ҚР «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 5 жылға сәтті өтті (Куәлік 17.04.2015 бастап 16.04.2020 дейін жарамды, Тіркеу нөмірі №АВ0520).
Оқу түрі, мерзімі:
Күндізгі: 4 жыл, 3 жыл
Берілетін дәреже:
6B07203– «Металлургия» мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры.
Кәсіби қызметінің саласы:
6B07203– «Металлургия» мамандығы бойынша бакалавриатты бітірушы мамандар өнеркәсіптерде өндірістік-технологиялық және ұйымдастырушылық жұмыстарын, сонымен қатар байытылған, қара, түсті, сирек кездесетін және радиоактивті металдарды, құймаларды және арнайы материалдар алу; металдар мен құймаларды өңдеу бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу; металдар мен қорытпаларды термиялық өңдеу жұмыстарын атқара алады.
Кәсіби қызметінің нысандары:
6B07203– «Металлургия» мамандығы бойынша оқу бітіруші түлектердің кәсіби қызмет ету объектілеріне қара және түсті металлургия зауыттары, химиялық, кен-байыту фабрикалары, машина жасау өндіріс өнеркәсіптері, салалық ғылыми-зерттеу және жобалау институттары, зауыттық зертханалар, жоғары және орта техникалық оқу орындары жатады.
Кәсіби қызметінің пәні:
- Металлургиялық өндіріс негіздері;
- Металлургиялық өндіріске шикізатты дайындау;
- Металлургиялық үрдістер теориясы;
- Металтану және термиялық өңдеу;
- Металлургиялық үрдістер технологиясы.
Кәсіби қызметінің түрлері:
6B07203– «Металлургия» мамандығын бітіруші бакалавр төмендегідей кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:
- өңдірістік-технологиялық;
- ұйымдастыру;
- есептеу-жобалау;
- эксперименттік-зерттеу.
Практика базалары:
«Казхром ТҰК» АҚ Ақтөбе филиал, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты.