6B07101 – Көлiк, көлiк техникасы және технологиялары
Шифр – мамандық атауы:
6В07101 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары ( major – Көлік, көлік техникасы және технологиялары, minor –Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру)
Аккредитациядан өту (өту жылы, өту кезеңі):
2016 жылы 26 желтоқсан айында «Рейтинг және аккредиттеу тәуелсіз агенттігі» коммерциялық емес сыртқы эксперттік комиссиясының жүргізген тексеру нәтижесі бойынша №АВ1193 аккредиттеу куәлігі 25.12.2021 жылға дейін 5 жылға берілді.
Оқу түрі, мерзімі:
Күндізгі: 4 жыл, 3 жыл
Берілетін дәрежесі:
6В07101 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары технологиялары (major – Көлік, көлік техникасы және технологиялары, minor –Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру) білім беру бағдарламасы бойынша техника және технологиялар бакалавры
Кәсіби қызметінің саласы:
- көлік техникасы мен жабдықтарын шығарушы машина жасау зауыттары;
- көлік техникасын пайдаланушы кәсіпорындар мен ұйымдар;
- конструкторлық, жобалық және технологиялық ұйымдар;
- машина жөндеуші кәсіпорындар, машина жасау және жөндеу зауыттарының фирмалық және делдалдық орталықтары;
- маркетингтік және көліктік-экспедициялық қызметтері;
- көлікті басқару қызметтірінің материалдық-техникалық қамсыздандыру жүйелері.
Кәсіби қызметінің нысандары:
- көлік техникасын құрастыруға және жөндеуге конструкторлық, технологиялық, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу;
- көліктегі логистикалық жүйені басқаруды тәжірибеде, білім, ғылым және өзінің кәсіби қызметін де жетілдіру бойынша шаралар әзірлеу;
- орындаушылар ұжымының жұмысын ұйымдастыру, әр түрлі пікірлерді есепке алу және басқарушылық шешімдер қабылдау;
- әр түрлі жоспарлау және оңтайлы шешімдерді анықтау кезінде әр түрлі талаптарды (құнын, сапасын, орындалу мерзімін және қауіпсіздігін) ескере отырып, ымыралы шешімдер қабылдау;
- сапалы өнім шығаруды қамтамасыз ету мақсатында шығындардың әртүрлі түрлерін есепке алу;
- көлік техникасы мен жабдықтарын дайындау технологиясын оңтайландыру
- технологиялық процестердің, материалдардың және дайын өнімдердің сапасын бақылау;
- өнім сапасының көрсеткіштерін өлшеу құралдарын метрологиялық тексеру
- көлік техникасы мен жабдықтарын стандарттау және сертификаттау бойынша іс-шаралар өткізу, оларды дайындау және жөндеу технологиясы;
- көлік техникасын пайдалану мен жөндеуге байланысты қызметтерді, кәсіпорындарды ұйымдастыру және басқару;
- салдарды болжау мәселелерін шешу, нұсқаларын әзірлеу және талдау, жобаларды жоспарлау және іске асыру;
- көліктік міндеттерді шешу, құрылымның өзара байланысын, жобалау мақсаттарына қол жеткізу өлшемдері мен көрсеткіштерін құру.
Кәсіби қызмет пәндері:
- көлік техникасын пайдалану бойынша механик;
- көлік техникасын жобалау бойынша конструктор;
- көлік техникасын өндіру және пайдалану жөніндегі менеджер;
- жобалау және зерттеу мекемелерінің қызметкері;
- көліктік – экспедиторлық қызмет диспетчері;
- көлікті және көлік техникасын басқару және инспекциялау жөніндегі мемлекеттік органның қызметкері.
Кәсіби қызметінің түрлері:
- ұйымдастыру-технологиялық;
- өндірістік-басқару қызметі;
- жобалық.
Практика базалары:
«Ақтөбе қаласының Автопарк» ЖШС (директор Тлеулесов К.С.), «Қазақавтожол» ЖШС Ақтөбе филиалы (директор Амирбеков Е.Е.), «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы (директор Каримбаев К.Н.)