6В07202 – Мұнай-газ ісі
Шифр – мамандықтың атауы:
6B07202– «Мұнай-газ ісі».
Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):
2016 жылдың қараша айында «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған акредиттеуден 5 жылға сәтті өтті (Куәлік 26.12.2016 бастап 25.12.2021 дейін жарамды, Тіркеу нөмірі №АВ1192).
Оқу түрі, мерзімі:
Күндізгі: 4 жыл, 3 жыл
Берілетін дәреже:
6B07202– «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры.
Кәсіби қызметінің саласы:
6B07202– «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша бакалаврдың кәсіби қызметтерінің саласына: жер қойнауынан мұнай, газ және конденсат өндіру, мұнай-газ кешені нысандарын қоса алғанда онда мұнай мен газды тасымалдау және сақтау, құрлықта және теңізде мұнай-газ құбыр желілері мен мұнай- газ қоймаларын пайдалану жатады.
Кәсіби қызметінің нысандары:
- құрлықта және теңізде мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау техникалық қондырғылары мен құрылғылары;
- құрлықта және теңізде мұнай, газ және газды конденсат кен орындары;
- мұнай мен газды сақтау қоймалары, магистральды құбыр желілері, мұнай және газды сақтау мен тасымалдау нысандарын пайдалану, қайта жабдықтау және зерттеу мен жобалау саласы кіретін мекемелер және мұнайды өңдеу өндіріс орындары, салалық ғылыми зерттеу және жобалау институттары, орта кәсіптік және жоғары оқу орындары.
Кәсіби қызметінің пәні:
6B07202– «Мұнай – газ ісі» мамандығы бойынша бітірушілердің кәсіптік қызметіне жататындар: құрлықта және теңізде мұнай және газ ұңғыларын бұрғылаудың технологиялық үрдістері, құрлықта және теңізде мұнай, газ және газды конденсат кен орындарын игеру және пайдалану, құрлықта және теңізде мұнай мен газ құбырларын және мұнай мен газды сақтау қоймаларын пайдалану мен жобалау, мұнай өндірісін басқарудың автоматты жүйелері және өнімнің сапасын бақылау.
Кәсіби қызметінің түрлері:
- ұйымдастырушылық–технологиялық;
- өндірістік басқару;
- есептік-жобалық;
Бітірушілердің тағы басқа бағыттағы кәсіби жұмыстары: мұнай-газ саласына қызмет көрсету мен төтенше жағдайлар министрлігі саласы, Госгортехнадзор, экологиялық бақылау, консалтинг мекемелері. Қызметтің нақтылы түрі жоғары оқу орны жасайтын кәсіптік-білімдік дайындаудың мазмұнымен анықталады.
Практика базалары:
ТОО “Кап Рем Сервис”, АО “Каспий Нефть ТМЕ” ТОО «Тенгизшевройл», ТОО «АзияМунайСервис», ТОО «Аман Мунай», ТОО «Akpan Oil and Gas Services», АО «КМК Мунай», ТОО «Timal Contubting Group», ТОО «Сагыз Петролеум», АО «СНПС-Актобемунайгаз», АО «Каспий Нефть ТМЕ», ТОО «КазахОйл», ТОО «Буровая компания паркер дриллинг», АО «КазТрансАймак» , ТОО «KazMiSwaco», TOO «British Petroleum», TOO «QHSE-Akbarys».