7М07101 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары
Білім беру бағдарламасының шифры, атауы:
7М07101 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары.
Оқу үрдісі, мерзімі:
Күндізгі: 1 жыл, 1,5 жыл және 2 жыл.
Берілетін дәреже:
7М07101 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі (2 жыл);
7М07101 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология магистрі (1 жыл және 1,5 жыл).
Кәсіби қызмет аясы:
Техника, жаратылыстану және басқа да аралық ғылым салалары
7М07101 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары білім беру бағдарламасы бойынша магистрдің кәсіби қызмет нысандары
Көлік, көлік техникасы және технологиялары білім беру бағдарламасы магистрлерінің кәсіби қызмет объектілері болып, меншік нысанынан тәуелсіз олардың қызметіне көлікті пайдалану, техникалық қызмет көрсету және көліктік қызмет көрсету жұмыстары кіретін мекемелер мен ұйымдар табылады. Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің түрлі құрылымдық бөлімшелері; көлік және инфрақұрылым саласындағы басқару органдары, жергілікті басқару органдары, ұлттық, мемлекеттік және жеке компаниялар, концерндер, корпорациялар және басқалар.
Кәсіби қызмет түрлері:
7М07101 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» білім беру бағдарламасы бойынша магистрлердің кәсіби қызмет түрлері
- ғылыми-зерттеу;
- инженерлік-конструкторлық;
- ғылыми-педагогикалық;
- инженерлік-басқару;
- ұйымдастырушылық-педагогикалық;
- эксперименттік-зерттеу;
- білім беру-педагогикалық.
Практика базалары:
“Ақтөбе облысы бойынша автомобиль көлігі инспекциясы” ММ, “Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы” ММ, “Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы” ММ; “ҚТЖ-Жүк тасымалы” АҚ – “Ақтөбе бөлімшесі”, “Аpple Сity Distributors” дистрибьютерлік компаниясы, “Автопарк” ЖШС, “Қазақавтожол” ЖШС АОФ, “ПАТП” ЖШС және басқалар.