6B07303 – Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру
Шифр – мамандықтың атауы:
6B07303 – «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру».
Оқу түрі, мерзімі:
Күндізгі: 4 жыл, 3 жыл
Берілетін дәреже:
6B07303 – «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры.
Кәсіби қызметінің саласы:
ҚМБКӨ мамандығы бойынша бакалаврлар – бұл құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциялардын өндіру бойынша, жаңа материалдарды дайындау, оларды өндіретін және қолданатын кәсіпорындар жобасын дайындаушы, құрылыс өндірісінің менеджментін (басқарушы) және құрылыс индустриясының маркетингін атқарушы, заманауи құрылыс материалдары, энергия және қорүнемдеуші технологиялар мен құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциялардын өндіру технологиялық тізбектерін дайындаушы маман.
Кәсіби қызметінің нысандары:
Түлектер құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциялардын өндетін кәсіпорындарында (байланыстырғыш заттар, бетон және темірбетон бұйымдарын, керамикалық құрылыс материалдарын, шатырлық материалдар мен бұйымдарын шығаратын және т.б. зауыттар) инженерлік қызметтерде; жобалау және ғылыми-зерттеу институттарында; өндірістік және азаматтық ғимараттар құрылыстарында; құрылыс материалдары және конструкцияларын сертификациялау және сапасын бақылау ұйымдарында қызмет атқара алады, сондай-ақ құрылыс материалдары және конструкцияларын өндіру кәсіпорындарының, жұмыс істеп тұрған өндірістік кәсіпорындарын реконструкциялау және техникалық қайта жабдықтау бойынша жобаларын орындай алады; өндірістің технологиялық параметрларынын қолайландыру бойынша және өндірілетін өнім сапасын арттыру бойынша тәжірибелік және теориялық зерттеулер жүргізе алады; жаңа технологиялар мен өнімдер түрлерін енгізуде қатыса алады.
Кәсіби қызметінің пәні:
Құрылыс материалдары.
Кәсіби қызметінің түрлері:
- жетекші қызметкерлер ретінде – өндіріс бойынша директордың орынбасары, өндірістік зертхана бастығы, техникалық бөлім бастығы, цех бастығы, цех мастеры;
- ұйым маманы ретінде – инженер, инженер-конструктор, инженер-лаборант, сапа инженері, инженер-технолог, I санаттағы техник, I санаттағы техник-конструктор, I санаттағы техник-лаборант, I санаттағы техник-технолог;
- ғылыми-зерттеу, конструкторлық, технологиялық, жобалық, ізденіс үйымдарына жалпы – техник, лаборант ретінде техникалық жұмысшы болып қызмет атқара алады.
Құрылыс материалдар өндіру мамандығының артықшылығына әмбебабтылығы, жоғары қажеттілігі жатады, себебі құрылыс материалдарынсыз құрылыс жүрмейді, сондықтан қоғам да дамымайды.
Практика базалары:
ЖШС«СтройИнвест KZ-2050», ЖШС«НұрСтройОйыл», ӨК«Некар», ЖШС«Мир Проект», ЖШС«Темірбеон», ЖШС «Армара Проект».