7М07202 – Мұнай-газ ісі

Білім беру бағдарламасының шифры және атауы

7М07202 –Мұнай-газ ісі (2жыл), 7М07210 – Мұнай-газ ісі (1жыл), 7М07211 – Мұнай-газ ісі (1,5 жыл)

Оқу түрі, мерзімі – күндізгі, 1 жылдық – 7М07210

1,5 жылдық – 7М07211

2 жылдық – 7М07202

Берілетін дәреже:

Ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша

2 жылдық – 7М07202 – Мұнай газ ісі білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі;

Бейіндік бағыт бойынша

1 жылдық – 7М07210 – Мұнай газ ісі білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология магистрі;

1,5 жылдық – 7М07211– Мұнай газ ісі білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология магистрі;

Кәсіби қызмет саласы:

магистратураны аяқтаған мамандар мұнай газ саласында ғылыми зерттеулер жүргізеді, жобалау принциптерімен танысады, заманауи мұнай газ саласындағы технологиялар талаптарын қанағаттандыратын сапалы инженер техникалық маман ретінде орналасады, сонымен бірге  мұнай және газ өндіру басқармалары, мұнай-газ саласының сервистік және мердігерлік ұйымдары, өндірістік-технологиялық,  экологиялық және реттеуші ұйымдарда қызмет етеді.

Кәсіби қызметтің нысандары:

түлектердің кәсіби қызмет ету объектілері болып бұрғылаушы, сейсмикалық аудармашы, мұнай геологы, мұнай және газ өндірісі бойынша супервайзер (шебер),  тау-кен инженері, педагогикалық (ғылыми-педагогикалық бағыт), ғылыми-зерттеу ұйымдары, зауыт зертханалары, орта, кәсіптік және жоғары оқу орындары саналады.

Кәсіби қызметтің түрлері

  • педагогикалық (ғылыми-педагогикалық бағыт)
  • өндірістік-технологиялық;
  • ұйымдастыру-басқару;
  • ғылыми-зерттеу;
  • жобалау.
  • мұнай-газ кешені кәсіпорындары;
  • мұнай ұңғымаларын бұрғылауға арналған техникалық құрылғылар мен құралдар;
  • құрлықтағы және теңіздегі мұнай, газ және газ конденсатты кен орындары.

Практика базалары:

АктюбНИГРИ ЖШС