Факультеттің жетістігі
Факультеттің жетістігі
2016 жылы т.ғ.к., аға оқытушы О.Р. Сариев – Ақтөбе облысының үздік жас ғалымы;
2016 жылы т.ғ.д., профессор С.С.Құлнияз – «Университетке 50 жыл» медалі;
2016 жылы т.ғ.к., доцент К. К. Каскин – «Университетке 50 жыл» медалі;
2016 жылы т.ғ.д., профессор С.С. Құлнияз – Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы;
2016 жылы Г.Ерекеева – Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ 50 жылдығына арналған халықаралық студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы, ІІ дәрежелі диплом, Ақтөбе қаласы;
2016 жылы А.Әбдрашит – «Жастардың шығармашылығы – Қазақстанның инновациялық дамуына» студенттердің, магистранттардың және жас ғалымдардың II халықаралық ғылыми-техникалық конференциясы, ІІ дәрежелі диплом, Өскемен қаласы;
2016 жылы Ж.Амантай – «Жастардың шығармашылығы – Қазақстанның инновациялық дамуына» студенттердің, магистранттардың және жас ғалымдардың II халықаралық ғылыми-техникалық конференциясы, І дәрежелі диплом, Өскемен қаласы;
2016 жылы Е.Серікбаев – «Металлургия» мамандығы бойынша СҒЗЖ республикалық конкурсы, ІІ дәрежелі диплом, Теміртау қаласы;
2016 жылы А.Әбдрашит, Н. Сәлімгерей, М. Мұқашев – «Металлургия», мамандығы бойынша республикалық пәндік олимпиада, командалық 2 орын, Теміртау қаласы;
2016 жылы А.Әбдрашит – «Металлургия», мамандығы бойынша республикалық пәндік олимпиада, ІІ дәрежелі диплом, Теміртау қаласы;
2016 жылы А.Е. Долдашева – Өндірістегі және техникалық мамандарды дайындаудағы инновациялар» ғылыми-практикалық конференциясы
Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ, III дәрежелі диплом, Ақтөбе қаласы;
2016 жылы Н.А. Сәлімгерей – Өндірістегі және техникалық мамандарды дайындаудағы инновациялар» ғылыми-практикалық конференциясы
Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ, III дәрежелі диплом, Ақтөбе қаласы;
2016 жылы 18-17 қарашада Уфа қаласында академик А.Х.Мирзаджанзаде еске алуға арналған халықаралық ғылыми-техникалық конференция, Б.Нурдаулетов және А.Тулесинова жүлделі 2-орын, Уфа қаласы;
2016 жылы Ш.Джумаханов., Н.Асқарбекұлы – Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауында «Построение компьютерной модели распределения транспортных потоков на улично-дорожной сети города Актобе» жобасымен ІІ дәрежелі диплом, Астана қаласы;
2016 жылы Л.Базарбаева «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада, IІІ дәрежелі диплом, Алматы қаласы;
2016 жылы А.Айжарықов – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада, IІІ дәрежелі диплом, Алматы қаласы;
2017 жылы М.Бейдалиев – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада, IІ дәрежелі диплом, Алматы қаласы;
2017 жылы Ж.Қонбаева., Г.Қаржаубаева – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада, IІ дәрежелі Диплом, Алматы қаласы;
2017 жылы М.Алтыбаева., А.Жанабаев – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада, IІ дәрежелі диплом, Алматы қаласы;
2017 жылы Н.Оразалы – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада, IІІ дәрежелі диплом, Алматы қаласы;
2017 жылы Ж.Кумарова., К.Әлімбаев., М.А.Тлеужанов – «Қиылысқа бағдаршам реттеуін енгізудің тиімділігін анықтау», Халықаралық жастар ғылыми форумы «Жастар. Ғылым. Инновация», І дәрежелі диплом, Ақтөбе қаласы;
2017 жылы А.Айбергенов – Халықаралық жастар ғылыми форумы «Жастар, Ғылым және Инновация», «Проектирование водостока» жобасы, І дәрежелі диплом, Ақтөбе қаласы;
2017 жылы Л.Ахметова – «Жастар. Ғылым. Инновация» Халықаралық жастар ғылыми форумы «Организация места отдыха и комплексного обслуживания водителей и пассажиров по Южному объезду города Актобе» жобасы ІІ дәрежелі диплом, Ақтөбе қаласы;
2017 жылы Н. Оразова – «Жастар. Ғылым. Инновация» Халықаралық жастар ғылыми форумы «Автомобильдің экологияға әсері» жобасы ІІІ дәрежелі диплом, Ақтөбе қаласы;
2017 жылы Ж.Конбаева – «Жастар, Ғылым және Инновация», Халықаралық жастар ғылыми форумы «Батыс Еуропа –Батыс Қытай» дәлізі арқылы Ақтөбе облысы бойынша тасымалды ұйымдастырудың маңыздылығы» жобасы, ІІІ дәрежелі диплом, Ақтөбе қаласы;
2017 жылы Л. Ахметова –Университет ішілік студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының байқауы, «Организация места отдыха и комплексного обслуживания водителей и пассажиров по Южному объезду города Актобе» жобасы І дәрежелі диплом, Ақтөбе қаласы;
2017 жылы Ж.Конбаева., А.Бақтыгереева – Университет ішілік студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы, «Ақтөбе қаласының қоғамдық жолаушылар көлігі жүйесінің қазіргі жағдайы» жобасы. І дәрежелі диплом, Ақтөбе қаласы;
2017 жылы Қ.Т.Баянбаев – Қазақстан Республикасының өркендеуі жолында өз кәсібінде қол жеткізген ерекше жетістіктері, қоғамдағы белсенді азаматтық ұстанымы және халқымыздың рухани жаңғыруына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өткізілген Республикалық «Патриоттар Форумы» аясында «Жыл патриоты» номинациясымен, Астана қаласы;
2017жылы И.С.Джаксыбаев – бодибилдинг және фитнес бойынша республикалық кубок, 3–орын, Алматы қаласы;
2017 жылы Ә.Ә.Мақсат – кикбоксинг бойынша республикалық турнир, 3-орын, Орал қаласы;
2017 жылы Т.Ө.Серікбай – еркін күрестен республикалық турнир, 3-орын, Қарағанды қаласы;
2017 жылы т.ғ.д.,профессор С.С.Құлнияз – «Университетті дамытудағы еңбегі үшін» медалі;
2017 жылы Қ. Баянбаев – Қазақстан Республикасы «Туған жер! Туған тіл! Туған ел!» форумында «Жыл патриоты» номинациясынның дипломы марапатталды;
2017жылы А.Картжанов – И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ мемлекеттік университеті, «Мұнай-газ горизонттары» тоғызыншы халықаралық ғылыми –практикалық конференцияда сертификат, Мәскеу қаласы;
2017 жылы Р.Бурхина – Халықаралық ғылыми жобалар байқауы байқау жүлдегері марапаталды, Мәскеу қаласы;
2017 жылы Қ. Баянбаев, А.Нуржанов, А. Бертлюев «Металлургия және тау – кен ісі» кафедрасының жанынан құрылған «24 элемент» клубының мүшелері: –Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ «Мамандық таңдау – табысты болашақ кілті» атты факультетаралық байқауы, диплом, 2 орын, Ақтөбе қаласы;
2018 жылы Таубаев Ж. – студенттер арасында өткен «Жырлайды жүрек» атты М. Мақатаев өлеңдерін оқу байқауы, бас жүлде, Ақтөбе қаласы;
2018 жылы т.ғ.д., профессор С.С.Құлнияз – 2018-2020 жж. Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру ҚР ҒБМ гранты;
2018 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университтеттің профессор-оқытушылар мен қызметкерлер арасындағы «Ректор кубогі» КВН ойынынан «Технорлар командасы» 1 орын, Ақтөбе қаласы;
2018 жылы «Автокөлік және жол қозғалысын ұйымдастыру» кафедрасының аға оқытушысы Н.Қаңтарбаев пен «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығының 3 курс студенті Е.Крятова Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Қытай жаңа жылы – «Чуньцзе» мерекесіне орай «Ақтөбе-достық мекені» атты байқауында жүлделі ІІІ орын, Ақтөбе қаласы;
2018 жылы «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасының студенттері жоғары оқу орындары студенттерінің арасындағы Республикалық пәндік олимпиададан «Металлургия» мамандығы бойынша командалық екінші орынға ие болды. Кұлмұрза Мурагер осы олимпиадада ІІ орынды жүлделеді;
2018 жылы Жұмабаева Жұлдызай Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсында «Металлургия» мамандығы бойынша ІІІ орынға ие болды;
2018 жылы Жұмабаева Жұлдызай университеттің «Ғылым қайнары» атты студенттердің ғылыми жұмыстары конкурсында І орынды жүлделеді. Жұмабаева Жұлдызай Президент степендиясының иегері болып табылады;
2018 жылы Ахметова Л. «Жастар, ғылым және инновациялар» атты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы студенттер, магистранттар, аспиранттар, докторанттар және жас ғалымдардың XIV Халықаралық ғылыми практикалық конференциясында І дәрежелі дипломмен марапатталды;
2018 жылы Мулдагалиев. Т. «Ғылым қайнары» студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми жобалар байқауында ІІІ орынды иемденді;
2018 жылы Сәрсеков Жандос Республикалық пәндік олимпиадада «Мұнай – газ ісі» мамандығы бойынша жүлделі І орынды иемденді;
2018 жылы Атырау қаласында мұнай-газ саласы бойынша “Atyrau International Petroleum Olimpiads” (AIPO2018) – ға қатысып, Жантикенов Эдуард І орын, Тенелбаева Диана ІІІ орынды иемденді.
2018 жылы Бертлюев Адельбек университеттің «Үздік студент 2018» атағына ие болды.
2019 жылы Жұмабаева Жұлдызай Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсында «Металлургия» мамандығы бойынша ІІ орынға ие болды.
2019 жылы Бурумбаев Азамат «Ғылым қайнары» студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми жобалар байқауында І орынды иемденді;
2019 жылы Сайлауов Мейрамбек «Ғылым қайнары» студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми жобалар байқауында ІІІ орынды иемденді;
2019 жылы университетішілік «Үздік ғылыми үйірме» байқауында «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасы жанында құрылған «24 ELEMENT» ғылыми үйірмесі Бас жүлдені иемденді. Ғылыми үйірме жетекшісі: Ерсайынова Альбина Абатқызы;
2019 жылы университетішілік «Ғылым апталығы» аясында техникалық факультеттің металлургия және тау-кен ісі кафедрасының доценті, т.ғ.к. Бауыржан Келаманов «Үздік жас ғалым – 2018» номинациясын иеленді;
2019 жылы университетішілік «Ғылым апталығы» аясында «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды;
2019 жылы Азатбеков Ильмурат «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиадада IІІ дәрежелі дипломмен марапатталды;
2019 жылы Жұмабаева Жұлдызай «Металлургия» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиадаға қатысып IІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
2019 жылы Сағынбазаров Нұркәрім «ЖАСТАР, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ» атты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Жастар жылы» аясында өткізілген студенттер, магистранттар, PhD докторанттардың ХV Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында жүлделі ІІ орынды иеленді;
2019 жылы Асқарова Әлфия «ЖАСТАР, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ» атты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Жастар жылы» аясында өткізілген студенттер, магистранттар, PhD докторанттардың ХV Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында жүлделі І орынды иеленді;
2019 жылы Тнымбай Айбол «Көлiк, көлiк техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша ҚР ЖОО студенттері арасындағы ХІ республикалық пәндік олимпиадаға қатысып І дәрежелі дипломмен марапатталды;
2019 жылы Оразбаева Мәншүк «Kөлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша ҚР ЖОО студенттері арасындағы ХІ республикалық пәндік олимпиадаға қатысып ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
2019 жылы Гір спортынан ұзын циклмен серпе көтеруден Қазақстан Республикасының чемпионатында 78 кг салмақ дәрежесінде 45 ұпай нәтижесімен “Мұнай – газ ісі” мамандығының 1 курс студенті Аққазов Сұлтан жүлделі ІІ орынды иеленді;
2019 жылы Атырау мұнай өңдеу орталығында үшінші халықаралық техникалық мұнай-газ олимпиадасында «Мұнай – газ ісі» мамандығының студенті Назерке Жақсылық ІІІ орынды иеленді;
2019 жылы 27-01 сәуір аралығында Қостанай қаласында өткен Гір спортынан ҚР чемпионатында «Мұнай-газ ісі » мамандығының 1 курс студенті Аққазов Сұлтан Мәдиұлы қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді;
2019 жылы Шурина Венера Білім-өркениет ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы ұйымдастыруымен, “Үздік студент – 2019” төс белгісімен марапатталды;
2019 жылы Мубараков Темирлан «Мұнай – газ ісі» мамандығының 2 курс студенті ережесіз жекпе жектен Ақтөбе облысының чемпионы;
2019 жылы Абдолла Әлішер «Үздік студент – 2019» байқауының аясында «Халықаралық талантты жастардың энциклопедиясы» жобасының қатысушысы болып табылады;
2019 жылы Қ.Жұбанов ат. АӨМУ қабырғасында 5В070800 – «Мұнай – газ ісі» мамандығы бойынша жоғары оқу орындарының студенттері арасында XI Республикалық пәндік олимпиада жоғары деңгейде өткізілді;
Техникалық факультеттің студенттік сенаторы-Қуанышева Аружан республикамыздың бүкіл аймағын қамтыған «Бөбек ұлттық қозғалысы» ұйымдастырған «Үздік студент-2019» сыйлығымен марапатталды және республиканың «Жас Қыран» шығармашыл жастарының III кітабына енгізілді
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 85 жылдық мерейтойына орай университет ректоры Б.А.Ердембековтің бұйрығымен “Үздік студент” төсбелгісімен марапатталған Техникалық факультеті «Металлургия, тау-кен және мұнай-газ ісі» кафедрасының студенттері:
- Шурина Венера Рауильқызы- “Мұнай-газ ісі” мамандығы, 4 курс;
- Жақан Армат Медетұлы – “Металлургия” мамандығы, 3 курс;
- Тәңірбергенов Тұрар Тәңірбергенұлы – “Металлургия” мамандығы, 4 курс.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 85 жылдық мерейтойына орай университет ректоры Б.А.Ердембековтің бұйрығымен “Үздік студент” төсбелгісімен марапатталған Техникалық факультеті «Көлік техникасы, тасымалдауды ұйымдастыру және құрылыс» кафедрасының студенттері:
1. Рашид Нұржан Айдарұлы – «Құралыс» мамандығы 3 курс;
2. Атағұлла Дастан Мұратбайұлы – «Көлік, көлік техникасы және технологиясы » 4 курс.
Аталған студенттер ішінде президенттік стипендия иегері Жақан Армат Медетұлы.
Павлодар қаласы Торайғыров университетінде 2022 жылдың 21-22 сәуірінде «Металлургия» мамандығы бойынша жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткен Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің командасы жүлделі 2 орынға ие боды. Аталған олимпиадаға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Техникалық факультетінің «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасының оқытушысы Бурумбаев Азамат Галимжановичтің жетекшілігімен «Металлургия» ББ 2 курс студенті Алпысбаев Нұрсұлтан Қайратұлы, 3 курс студенттері Жетпісбайұлы Орынбасар, Қайыржанов Диас Алтынбекұлынан құралған команда барған болатын. Республикалық пәндік олимпиаданың нәтижесі бойынша 3 дәрежелі дипломмен Қайыржанов Диас Алтынбекұлы марапатталды.
2022 жылдың 14-15 сәуірінде Рудный Индустриалды университетінде «Тау-кен ісі» ББ «Тау-кен өндірісінің негіздері», «Тау-кен өндірісінің экологиясы» пәндері бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңі өтті. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Техникалық факультетінің «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасының аға оқытушысы Сұлтанов Мұратбек Ғабитұлының жетекшілігімен «Тау-кен ісі» ББ 3 курс студенттері Қыстаубай Диас Маратулы, Орынбайұлы Бақытжан, 2 курс студенті Бисенов Нұрсен Бақытұлынан құралған команда барған болатын. Республикалық пәндік олимпиаданың нәтижесі бойынша 2 дәрежелі дипломмен Қыстаубай Диас Маратулы, 3 дәрежелі дипломмен Бисенов Нұрсен Бақытұлы марапатталды. Жалпыкомандалық нәтиже бойынша жүлделі екінші орынды иеленді.
Басқарма-төрағасы ректоры Карабасова Лаура Чапаевна Университетіміздің жандануына ат салысып, еңбектеніп жүрген нәзік жандыларға зор алғысын білдірді. Атқарған қажырлы еңбектеріне, төккен терлеріне, кәсіби шығармашылықтарына ризашылық білдірді және өз атынан алғыс хаттармен бірқатар әйелдер қауымын марапаттады. Сондай алғыс хаттардың бірі Техникалық факультетінің “Металлургия және тау-кен ісі” кафедрасының аға оқытушысы, 21 жылдық еңбек өтілі бар Ахметова Мейрамгүл Рахметоллаевнаға табысталды.
27.04.2022 жылы Қ.Жұбанов атындағы АӨУ сәуір айының басында бастау алған “Ғылым айы” қорытыланды. Ұйымдастырылған ғылыми – зерттеу жұмыстары бойынша “Металлургия және тау – кен ісі” кафедрасының PhD аға оқытушысы, Есенгалиев Даурен Амангельдиевич “Үздік жас ғалым” номинациясымен марапатталды.
Университетімізде ұстаздар күні қарсаңында оқытушыларға құрмет көрсетіп, білім беру саласының дамуына қосқан үлестері үшін білім қызметкерлерін марапаттау дәстүрге айналған. Биылғы жылы да заман талабына сәйкес маман қалыптастыруда білімі мен біліктілігін күнделікті ісінде шебер қолдана білетін ең үздік Профессорлық оқытушылық құрам марапатталды. «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасынан Сұлтанов Мұратбек Ғабитұлы ректордың алғыс хатымен марапатталды.
Университетіміздің оқытушы-профессорлар және қызметкерлер арасындағы жыл сайынғы ұйымдастырылатын спартакиадада жалпыкомандалық есепте Техникалық факультеті жүлделі 2 орын иеленді. Спартакиадада 10 команда бақтарын сынаған болатын. Жарыс спорттың 9 ойын түрінен өтті: тоғызқұмалақ, шахмат, стритбол, ату спорты, дартс, үстел теннисі, шағын-футбол, волейбол. Барлық жарыс түрлерінен жоғары ұпай жинап, жақсы нәтиже көрсеткен факультетіміздің оқытушылары мен қызметкерлеріне алғыс білдіреміз. Осылайша оқытушылар өздері бас болып салауатты өмір салтын жастарға үлгі етіп көрсетуде.
2022 жылдың 19 қазан күні Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік университетінің Басқарма төрағасы-Ректор Л.Ч.Карабасованың қатысуымен Республика күніне орай отырыс өтті.
Отырыс барысында университет имиджі мен жастар саясатының дамуына өз үлесін қосып жүрген белсенді студенттерді “Үздік студент” төсбелгісімен марапаттады.
Осы шарада Техникалық факультетінің Студенттік Сенаторы «Құрылыс» білім бағдарламасының 3 курс студенті Ізбасар Ділназ марапатталды.
«БӨБЕК ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ» Заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен “ТМД ҮЗДІК СТУДЕНТІ – 2022 жыл” байқауында I-дәрежелі диплом иегері атанған “Электроэнергетика” ББ 1 курс магистранты Узакбаев Расулды “ТМД-ның 100 ҮЗДІК СТУДЕНТІ” қатарына кірді.
“Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті” КеАҚ Ғылыми Кеңесінің 2022 жылғы “30” 11 шешімімен Техникалық факультетінің “Көлік техникасы, тасымалдауды ұйымдастыру және құрылыс” кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты Мурзагалиев Ахмет Жақияұлы “Құдайберген Жұбанов” медалімен марапатталды.