Факультет тарихы
Факультет тарихы
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің техникалық факультеті 1991 жылы инженерлік-педагогикалық факультет негізінде қалыптасты. Инженерлік-педагогикалық факультетінің құрамында жалғыз «Жалпы техникалық пәндер» кафедрасы болды. Ол факультеттің және кафедраның негізгі міндеті еңбек сабағына мұғалімдер дайындау болды. Осы мамандықтың негізінде жалпы техникалық пәндерді дамыту арқылы (теориялық механика, материалдар кедергісі, материалтану, қолданбалы механика, гидравлика, машина деталдары, сызба геометриясы және сызу, стандарттау негіздері) келешек инженерлерге қажет негіз қалыптастырылды.
Университет ректоры К.К. Кенжебаевтың қолдауымен техникалық факультетінің негізін Қарағанды политехникалық институтынан шақырылған, техникалық ғылымдарының кандидаты, профессор Д.Д. Избембетов қалыптастырды. Осы азаматтың тікелей қатысуымен факультеттің және металлургия кафедрасының кадр және материалдық базасы қалыптасты. Осы мақсатпен Қарағандыдан тәжірибелі ғылыми және педагог мамандары шақырылды: т.ғ.д., профессор Р.Д.Симбинов., т.ғ.к., профессор К.Ж. Симбинова., т.ғ.к А.Х. Нұрымғалиев., т.ғ.к Ж.О. Нұрмаганбетов., т.ғ.к К.К. Каскин Сонымен қатар жоғарыда көрсетілген пәндер бойынша лабораторияларды құрастыру ісі сол кезде қолға алынды. Осы кезеңде Ақтөбе ферроқорытпа зауытымен бастапқы ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зауытқа кажетті технологиялар ұсынылды – шикізатты кесектеу технологиясы, конвертер әдісі аркылы ферроқорытпа өңдіру дәстүрлі технологияларға жаңалықтар енгізу және т.б.
Заман талаптарына сәйкес Батыс Қазақстан өңірінің табиғи байлықтарын тиімді пайдалану мақсатында Ақтөбе қаласында XX ғасырдың соңғы онжылдықтарында түрлі өндірістер құрыла бастады. Олардың негізгі бағыттары: мұнай-газ, тау-кен, минералды шикізаттарды өңдеу салалары түрінде орын алды. Осы талаптарға сәйкес 1996 жылдың 1 қыркүйегінде облыс әкімшілігінің қолдауымен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің жанынан техникалық кадрлар даярлайтын мамандықтар ашыла бастады: 1996 жылы – бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы; 1996 жылы – автомобильдер және автомобильдер шаруашылығы; 1996 жылы – қара металдар металлургиясы; 1998 жылы – жол қозғалысын ұйымдастыру; 1999 жылы – отының және көмірсутекті материалдардың химиялық технологиясы; 2000 жылы – органикалық заттардың химиялық технологиясы; 2001 жылы – мұнай-газ және көмірдің химиялық технологиясы; 2002 жылы – органикалық заттардың химиялық технологиясы; 2002 жылы – дизайн; 2003 жылы – мұнай-газ кенорындарын игеру және пайдалану; 2004 жылы – мұнай-газ ісі (мұнай-газ кенорындарын игеру және пайдалану мамандығының жалғасы ретінде); 2010 жылы – құрылыс; 2010 жылы – тау-кен ісі; 2019 жылы – пайдалы қазбаларды байыту.
Осы жылдар аралықтарында факультет декандары болып т.ғ.к., профессор Д.Д. Избембетов., ф-м.ғ.к., доцент К.Т. Алдияров., ф-м.ғ.к., доцент Ж.Ж. Шукиров., т.ғ.д., профессор Е.С. Айталиев., т.ғ.к Ж.Е. Джакупова., т.ғ.к., доцент А.Ж. Мурзагалиев жоғары кәсіби деңгейде еңбек етті. 2020 жылдың ақпан айынан бастап техникалық факультет деканы қызметін техника ғылымдарының кандидаты, доцент А.М.Балгынова атқаруда.
Техникалық факультет құрамында «Металлургия және тау-кен ісі», «Көлік техникасы, тасымалдауды ұйымдастыру және құрылыс», «Мұнай-газ ісі» кафедралары бар. Факультеттің профессор-оқытушылар құрамында ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, магистрлер бар.
Факультеттің материалдық-техникалық базасында оқу-өндіріс шеберханасы, заманауи қондырғылармен жабдықталған оқу лабораториялары, кабинеттер, лектік аудиториялар, оқу-әдістемелік, ғылыми ақпарат оқулықтармен жеткілікті деңгейде қамтамасыздандырылған кітапхана, студенттерге арналған әлеуметтік базасы бар.
Қазіргі таңда техникалық факультетінің іргесінде өндіріс мекемелерінің сұраныстарына, нарықтық экономика талаптарына сай 10 білім бағдарламасы бойынша жоғары білімді техникалық мамандар дайындалады, олар: Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалды ұйымдастыру; Құрылыс; Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрылымдарын өндіру; Көлік құрылысы; Металлургия; Пайдалы қазбаларды байыту; Тау-кен ісі; Мұнай-газ ісі; Электроэнергетика. Сонымен қатар 4 магистратура мамандықтары бойынша: 7М07101 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары», 7М07203 «Металлургия», 7М07201«Тау-кен ісі», 7М07202 «Мұнай – газ ісі» білім береді.
Инженерлік-техникалық факультет ұжымы 2003 ж
«Мұнай-газ ісі» кафедрасы «Химиялық технология» кафедрасынан 2006 жылы жеке кафедра болып бөлініп шықты. Кафедра «6В07202 – Мұнай-газ ісі» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалаврын дайындайды. 2019 жылы «7М07202- Мұнай-газ ісі» білім беру бағдарламасы бойынша магистратура, сонымен қатар Батыс өңірінде сұранысқа ие «Электроэнергетика» мамандығы ашылды.
Кафедра бойынша біліктілігі жоғары оқытушылар, профессор, техника ғылымдарының докторы мен кандидаттары дәріс оқиды, олардың үлесі жалпы құрамның 54 % құрайды.
Осы жылдар аралықтарында кафедра меңгерушісі болып х. ғ. к.., доцент Ж.Е. Джакупова (2006-2010 о.ж)., т. ғ. к.., доцент А.М. Балгынова (2010-2018 о.ж) кәсіби деңгейде еңбек етті. 2018 жылдың наурыз айынан бастап кафедра меңгерушісі қызметін химия ғылымдарының кандидаты Р.О.Орынбасар атқаруда.
Оқу орнында сапалы білім, саналы тәрбие алу үшін барлық жағдайлар жасалған.
«Мұнай-газ ісі» кафедрасының материалдық-техникалық базасы жылдан-жылға жаңартылуда. Сапалы білім беру үшін қазіргі таңда кафедрада 2 кабинет тренажер-имитатормен: АМТ-221 ұңғыны бұрғылау тренажер-имитаторы және АМТ-411 ұңғыны күрделі жөндеу тренажер-имитаторы, 6 аппараттты-бағдарламалы кешенмен, 4 интерактивті тақталы оқу аудиторияларымен, компьютерлік класстармен және мамандандырылған оқу кабинеттерімен жабдықталған. Мамандандыру пәндері тренажер-имитаторлардың және аппаратты-бағдарламалы кешендер негізінде оқытылады.
Мұнай-газ ісі» мамандығының 3 курс студенттерінің «Мұнай-газ ұңғыларын бұрғылау» пәні бойынша АМТ-411 тренажер-имитаторымен жұмыс жасау сәті
Оқу сапасын жоғарылату мақсатында өндіріспен байланыс күшейтілген, әрбір оқу жылында «Жалпы және мұнай геологиясы» және «Мұнай-газ саласындағы қоршаған ортаны қорғау» пәндерінен практикалық сабақты «АктюбНИГРИ» ЖШС базасында және «Стандарттау, сертификаттау және метрология» пәнінен практикалық сабақты өткізуге «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ АФ келісім-шартқа отырдық, сонымен қатар «АктюбНИГРИ» ЖШС кафедра филиалы болып табылады.
Студенттердің білім сапасын арттыру мақсатында және мұнай өнеркәсібіндегі жаңа техникалар мен технологияларды таныстыру мақсатында мұнай-газ компанияларынан мамандар шақыртылып студенттерге дәрістер оқиды.
«Мұнай-газ ісі» мамандығының 2 курс студенттерінің «Пропанды қабылдау, сақтау және айдау» аппараттты-бағдарламалы кешенмен жұмыс жасау сәті
Мұнай-газ ісі мамандығы бойынша өндірістік практика мұнай-газ ісі саласында қызмет атқаратын ірі ұлттық және шетелдік компаниялармен келісім-шартқа отыру арқылы («СНПС Ақтөбемұнай» АҚ, «ТУ-ХА» мұнай технологиялық қызмет көрсету компаниясы ЖШС, «Каспиймұнай ТМЕ» АҚ, «Kazakhstan Oil Services» ЖШС және т.б) жүзеге асырылады. Кафедра жоғарыда аталған компаниялармен бірлесіп бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыруда.
Оқытушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында еліміздің және алыс жақын шетелден мұнай-газ саласы мамандарын дайындайтын университеттерден мамандар шақырылып студенттерге дәрістер оқытылады және кафедраның профессор-оқытушылар құрамына шеберлік кластарын өткізеді. Соның бірі Уфа қаласынан Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінен «Мұнай-газ ұңғысын бұрғылау» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.д., профессор Исмаков Р.А шақыртылып «Мұнай-газ ұңғысын бұрғылау» пәнінен дәріс оқыды. Сонымен қатар кафедра оқытушыларына «Инновационные направления развития техники и технология бурения» тақырыбына шеберлік класын өткізді.
Кафедраның студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша АҚШ – тың ЖОО-да (Теннесси технологиялық университеті) және Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінде білім алды және жалғастыруда.
«Мұнай-газ ісі» кафедрасы студенттері 2013 жылдың 24 – маусымында SPE (Society of Petroleum Engineers) – инженер – мұнайшылардың халықаралық ғылыми қоғамына мүше болды және «SPE Россия и Каспийский регион» аймақтық секцияның құрамында жұмыс атқарып, жұмысын жалғастыруда. Қазіргі таңда студенттер ағылшын тілінде жүргізілетін конференцияларға қатысумен қатар, француз және қытай тілдерін меңгеруде. SPE (Society of Petroleum Engineers) – инженер – мұнайшылардың халықаралық ғылыми қоғамы. Қоғамның негізгі жұмыс бағыты мұнай-газ кен орындарын барлау және игеру саласында жаңа технологияларды ойлап табуға негізделген кәсіби ұйым болып табылады. Бұл қоғам құрамында әлемнің 50-ден астам елінен 53 000 астам инженерлер мүшелік ететін әлемдегі ең ірі кәсіби-техникалық ұйым.
Студенттер кафедра оқытушыларының жетекшілік етуімен Қ.Сәтпаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті, Қазақ-Британ техникалық университеті, И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік университеті және шетелдерде SPE қоғамының ұйымдастыруымен өткізілетін ғылыми-практикалық корференцияларға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр.
«Мұнай-газ ісі» кафедрасы студенттері ARU SPE қоғамының ұйымдастыруымен өткізілген қалалық ғылыми интеллектуальды ойынынын қорытындылау сәті 2015 жыл
Болашақ маман еліміздің ертеңі ретінде студенттерге тек қана білім беріп қоймай, тәрбиелік маңызы бар шаралар өткізу кафедра оқытушыларының тағы бір міндеті. Сондықтан әрбір оқу жылында ұйымдастырылатын мамандық апталығы аясында өндіріс мамандарының қатысуымен конференциялар, дөңгелек үстелдер және т.б өткізу дәстүрге айналды.
Кафедраның басты бағыттарының бірі ғылыми-зерттеу жұмыстары болып табылады. Кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстары бірнеше бағытта жүргізіледі: «Жоғары сапалы өнімдерді алу үшін мұнай шламдарын қайта өңдеу кезіндегі технологиялық процестерді әзірлеу», «Батыс Қазақстан кенорындарынан мұнай өндіруді интенсивтендірудің инновациялық әдістері» және т.б тақырыптарда жүргізіледі.
Студенттерді ғылыми – зерттеу жұмыстарына тартуға көп көңіл бөлінуде және студенттік үйірмелердегі жұмыс негізгі форма болып табылады. Кафедра студенттері халықаралық конкурстарға, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға және «Petro boll» халықаралық жобасына, халықаралық конгресс аясында өткізілген интеллектуалды ойындарға қатысады және жүлделі орындарды иеленіп жүр.
Қазіргі таңда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша аяқтаған көптеген студенттер шет елдерде, Батыс –Қазақстан және Ақтөбе облыстарында өз мамандықтары бойынша жұмыс жасайды.
Біздің студенттеріміз әрі қарай білімдерін шет елдердің жоғары оқуларында жалғастыруда, атап айтсақ Англия, Шотландия, Уфа қаласында, Гуанжоу оңтүстік қытай технология университеті және т.б.
Кафедраның ПОҚ нарықтық экономика жағдайында бәсекелестік талаптарына сай техникалық мамандарды даярлауға мүмкіндігі жоғары.