2021 жылдың 31 мамыр күні Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу…

2021 жылдың 31 мамыр күні Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Техникалық факультет пен Жаратылыстану факультетінің студенттік сенаттарының  ұйымдастыруымен «Алаш» идеясын жүзеге асырудағы қазақ зиялыларының рөлі» атты  дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: студенттерді зұлматты жылдардың ауыртпалығымен, ұлтымызға жасалған үлкен соққымен, тарихымыздың ақтаңдақтарымен және де тәуелсіздік жолында құрбан болған тұлғалардың еңбектерімен таныстыру.

Дөңгелек үстел барысында “Қуғынмен басталып азаппен аяқталған ұлы ғұмыр”, “Ағайынды Жұбановтар- ұлы дала тұлғалары”, “1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін”, “Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов” тақырыбында баяндамалар оқылды. Қатысушылар дөңгелек үстелге белсенді араласып өздерінің ойлары мен пікірлерін ортаға салды.

Қуғын-сүргін кесірінен жазықсыз жапа шеккен  қайраткерлердің есімдерін еске алу, олардың рухтарына құрмет көрсетуді әр уақытта да есінен шығарған емес.  Бұл – тарихтан тағылым алып, биік мақсат – «Мәңгілік Елге» бет алған ұлы халықтың  ұлағатты ісі.