Техникалық факультетінің деканы

Техникалық факультетінің деканы


Балгынова Акжаркын Мерекеевна

Лауазымы: Техникалық факультетінің деканы

Ғылыми атағы: т.ғ.к., доцент

Телефон: 8 701 487 25 35

E-mail: moldir_merei66@mail.ru

Мекен-жайы: Ақтөбе, Ағ.Жұбановтар көшесі, 263 Техникалық факультет деканаты №34 кабинет


 

Білімі

Екі жоғары білімі бар: 1990 ж Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» және 2001ж Атырау мұнай және газ институтын «Мұнай және газ кәсіпшілігі машиналары мен жабдықтары» мамандықтары бойынша бітірді.

1997-2001жж. Батыс Қазақстан аграрлық университетінде сырттай аспирантурада оқыды. 2007ж 05.20.01 – «Ауыл шаруашылығын механикаландыру технологиялары мен құралдары» мамандығы бойынша диссертациялық жұмысын сәтті қорғап шықты.

2011ж Қ.Жұбанов атындағы АМУ ғылыми кеңесі шешімі бойынша (№10 хаттама, 18.05.2011ж) 25.00.17 – «Мұнай және газ кенорындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді

Еңбек жолы

  • 1990-09.1993 – арнаулы пәндер оқытушысы, №22 КТУ (Ойыл селосы Ақтөбе обл);
  • 1993-08.2001– арнаулы пәндер оқытушысы, Ақтөбе индустриальды-педагогикалық техникумы (политехникалық колледж) (Ақтөбе қ);
  • 2001-08.2005 – «Мұнай-газ ісі» кафедрасының аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі Қазақ ұлттық техникалық университетінің Ақтөбе филиалы (Ақтөбе қ);
  • 2005-08.2010 – «Мұнай-газ ісі» кафедрасының аға оқытушысы, Қ.Жұбанов атындағы АМУ (Ақтөбе қ);
  • 2010-03.2018 – «Мұнай-газ ісі» кафедрасының меңгерушісі, доцент Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ (Ақтөбе қ);
  • 2018-02.2020 – «Мұнай-газ ісі» кафедрасының доценті Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ (Ақтөбе қ);
  • 2020 – техникалық факультет деканы, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ (Ақтөбе қ).

Ғылыми – зерттеу қызметі

Ғылыми-педагогикалық өтілі 30 жыл. Еңбек жолында 50-ден астам ғылыми жұмысы жарияланды, оның ішінде 9-і ҚР БжҒСБК ұсынған басылымдарда, 1-і халықаралық Scopus базасына кіретін журналда, 2 авторлық куәлік.

 


Деканның тәрбие жұмыстар жөніндегі орынбасары
Деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары