«Мұнай-газ ісі» кафедрасы – Кафедра тарихы

«Мұнай-газ ісі» кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Кафедра тарихы

«Мұнай-газ ісі» кафедрасы «Химиялық технология» кафедрасынан 2006 жылы жеке кафедра болып бөлініп шықты. Кафедра «6В07202 – Мұнай-газ ісі» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалаврын дайындайды. 2019 жылы «7М07202 – Мұнай-газ ісі» білім беру бағдарламасы бойынша магистратура, сонымен қатар Батыс өңірінде сұранысқа ие «6В07106-Электроэнергетика» мамандығы  ашылды. Сонымен қатар 2021 жылы «6В07106- Автоматтандыру және басқару» мамандығы және «7М07106-Электроэнергетика» білім беру бағдарламасы бойынша магистратура ашылды.

Кафедра бойынша біліктілігі жоғары оқытушылар, профессор, техника ғылымдарының докторы мен кандидаттары дәріс оқиды, олардың үлесі жалпы құрамның  54 % құрайды.

Осы жылдар аралықтарында кафедра  меңгерушісі болып х. ғ. к.., доцент Ж.Е. Джакупова (2006-2010 о.ж.), т. ғ. к.., доцент А.М. Балгынова (2010-2018 о.ж.), х. ғ. к. Р.О.Орынбасар (2018-2020 о.ж.) кәсіби деңгейде еңбек етті. 2020 жылдан бастап кафедра  меңгерушісі қызметін техника ғылымдарының кандидаты Б.Г. Алматова  атқаруда.

Оқу орнында сапалы білім, саналы тәрбие алу үшін барлық жағдайлар жасалған.

«Мұнай-газ ісі» кафедрасының материалдық-техникалық базасы жылдан-жылға жаңартылуда. Сапалы білім беру үшін қазіргі таңда кафедрада  2 кабинет тренажер-имитатормен: АМТ-221 ұңғыны бұрғылау тренажер-имитаторы және АМТ-411 ұңғыны күрделі жөндеу тренажер-имитаторы, 6 аппараттты-бағдарламалы кешенмен, 4 интерактивті тақталы оқу аудиторияларымен,  компьютерлік класстармен және мамандандырылған оқу кабинеттерімен  жабдықталған. «Электроэнергетика» және «Автоматтандыру және басқару» ББ бойынша Электротехниканың теориялық негіздері және электроника оқу-лабораториялық стенді, Электрлік машиналар, Жоғары кернеу техникасы, Жалпы энергетика пәндері бойынша виртуалды лабораториялар жиынтығы бар. Мамандандыру пәндері тренажер-имитаторлардың және аппаратты-бағдарламалы кешендер, стендтер мен виртуалды лабораториялар негізінде оқытылады.

«Мұнай-газ ісі» БББ 2021 жылы және «Электроэнергетика» БББ 2020 жылы Қазақстандық заманауи (элиталық) білім беру қауымдастығының аккредитациясынан өтті.

Мұнай-газ ісі»  мамандығының 3 курс студенттерінің «Мұнай-газ ұңғыларын бұрғылау»  пәні бойынша АМТ-411  тренажер-имитаторымен жұмыс жасау сәті

Оқу сапасын жоғарылату мақсатында өндіріспен байланыс күшейтілген, әрбір оқу жылында «Жалпы және мұнай геологиясы» және «Мұнай-газ саласындағы қоршаған ортаны қорғау» пәндерінен практикалық сабақты «АктюбНИГРИ» ЖШС базасында және «Стандарттау, сертификаттау және метрология» пәнінен практикалық сабақты өткізуге «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ АФ келісім-шартқа отырдық, сонымен қатар «АктюбНИГРИ» ЖШС кафедра филиалы болып табылады.

Студенттердің білім сапасын арттыру мақсатында және мұнай өнеркәсібіндегі жаңа техникалар мен технологияларды таныстыру  мақсатында мұнай-газ компанияларынан мамандар шақыртылып студенттерге дәрістер оқиды.

«Мұнай-газ ісі»  мамандығының 2 курс студенттерінің «Пропанды қабылдау, сақтау және айдау»  аппараттты-бағдарламалы кешенмен жұмыс жасау сәті

Мұнай-газ ісі мамандығы бойынша өндірістік практика мұнай-газ ісі саласында қызмет атқаратын ірі ұлттық және шетелдік компаниялармен келісім-шартқа отыру арқылы («СНПС Ақтөбемұнай» АҚ, «ТУ-ХА» мұнай технологиялық қызмет көрсету компаниясы ЖШС, «Каспиймұнай ТМЕ» АҚ, «Kazakhstan Oil Services» ЖШС және т.б) жүзеге асырылады. Кафедра  жоғарыда аталған компаниялармен бірлесіп бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыруда.

Оқытушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында еліміздің және алыс жақын шетелден мұнай-газ саласы мамандарын дайындайтын университеттерден мамандар шақырылып студенттерге дәрістер оқытылады және кафедраның профессор-оқытушылар құрамына шеберлік кластарын өткізеді. Соның бірі Уфа қаласынан Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінен «Мұнай-газ ұңғысын бұрғылау» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.д., профессор Исмаков Р.А шақыртылып «Мұнай-газ ұңғысын бұрғылау» пәнінен дәріс оқыды. Сонымен қатар кафедра оқытушыларына «Инновационные направления развития техники и технология бурения» тақырыбына шеберлік класын өткізді.

Кафедраның студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша АҚШ – тың ЖОО-да (Теннесси технологиялық университеті) және Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінде білім алды және жалғастыруда.

«Мұнай-газ ісі» кафедрасы студенттері 2013 жылдың 24 – маусымында SPE (Society of Petroleum Engineers) – инженер – мұнайшылардың халықаралық ғылыми қоғамына мүше болды және «SPE Россия и Каспийский регион» аймақтық секцияның құрамында жұмыс атқарып, жұмысын жалғастыруда. Қазіргі таңда студенттер ағылшын тілінде жүргізілетін конференцияларға қатысумен қатар, француз және қытай тілдерін меңгеруде. SPE (Society of Petroleum Engineers) – инженер – мұнайшылардың халықаралық ғылыми қоғамы. Қоғамның негізгі жұмыс бағыты мұнай-газ кен орындарын барлау және игеру саласында жаңа технологияларды ойлап табуға негізделген кәсіби ұйым болып табылады. Бұл қоғам құрамында әлемнің 50-ден астам елінен 53 000 астам инженерлер мүшелік ететін әлемдегі ең ірі кәсіби-техникалық ұйым.

Студенттер кафедра оқытушыларының жетекшілік етуімен Қ.Сәтпаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті, Қазақ-Британ техникалық университеті, И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік университеті және шетелдерде SPE қоғамының ұйымдастыруымен өткізілетін ғылыми-практикалық корференцияларға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр.

«Мұнай-газ ісі» кафедрасы студенттері ARSU SPE қоғамының ұйымдастыруымен өткізілген қалалық ғылыми интеллектуальды ойынынын қорытындылау сәті 2015 жыл

Болашақ маман еліміздің ертеңі ретінде студенттерге тек қана білім беріп қоймай, тәрбиелік маңызы бар шаралар өткізу кафедра оқытушыларының тағы бір міндеті. Сондықтан әрбір оқу жылында ұйымдастырылатын мамандық апталығы аясында өндіріс мамандарының қатысуымен конференциялар, дөңгелек үстелдер және т.б өткізу дәстүрге айналды.

Кафедраның басты бағыттарының бірі ғылыми-зерттеу жұмыстары болып табылады. Кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстары бірнеше бағытта жүргізіледі: «Жоғары сапалы өнімдерді алу үшін мұнай шламдарын қайта өңдеу кезіндегі технологиялық процестерді әзірлеу», «Батыс Қазақстан кенорындарынан мұнай өндіруді интенсивтендірудің инновациялық әдістері» және т.б тақырыптарда жүргізіледі.

Студенттерді ғылыми – зерттеу жұмыстарына тартуға көп көңіл бөлінуде және студенттік үйірмелердегі жұмыс негізгі форма болып табылады. Кафедра студенттері халықаралық конкурстарға, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға және «Petro boll» халықаралық жобасына, халықаралық конгресс аясында өткізілген интеллектуалды ойындарға қатысады және жүлделі орындарды иеленіп жүр.

Қазіргі таңда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша аяқтаған көптеген студенттер шет елдерде, Батыс –Қазақстан және Ақтөбе облыстарында өз мамандықтары бойынша жұмыс жасайды.

Біздің студенттеріміз әрі қарай білімдерін шет елдердің жоғары оқуларында жалғастыруда, атап айтсақ Англия, Шотландия, Уфа қаласында, Гуанжоу оңтүстік қытай технология университеті және т.б.

Кафедраның ПОҚ нарықтық экономика жағдайында бәсекелестік талаптарына сай техникалық мамандарды даярлауға мүмкіндігі жоғары.

2006-2007 оқу жылында  «Мұнай-газ ісі» кафедрасы «Химиялық технология» кафедрасынан бөлініп шықты және кафедраны техника ғылымдарының кандидаты, доцент Алдамжаров Н.Н. басқарды.

2007 – 2010 жылдар аралығында кафедраны химия ғылымдарының кандидаты, доцент Джакупова Ж.Е. басқарды.

2010 – 2015 жылдары кафедраны техника ғылымдарының кандидаты, доцент Балгынова А.М. басқарды.

2015 – 2016 жылдары химия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы  Орынбасар Р.О. кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы қызметін атқарды.

2016-2017 оқу жылында  Балгынова Акжаркын Мерекеқызы кафедра меңгерушісі қызметін атқарып келді.

2018-2020 жж. химия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы  Орынбасар Р.О. кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы қызметін атқарды.

2020-жылдан қазіргі уақытқа дейін кафедра меңгерушісі қызметін техника ғылымдарының кандидаты Алматова Баян Газизовна атқарып келеді.

Кафедрада білікті ғалым-мамандармен қоса, практик-мамандарда қызмет атқарады. «Мұнай-газ ісі» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы:

  1. Алматова Баян Газизовна – Кафедра меңгерушісі т.ғ.к., аға оқытушы
  2. Алиева Айжамал Мадиевна – т.ғ.к., аға оқытушы
  3. Алипов Даулет Ерланович – х.ғ.к., аға оқытушы
  4. Жубандыкова Женискуль Умиртаевна – т.ғ.к, доцент,
  5. Сарқұлова Жадырасын Сейдуллақызы – PhD, аға оқытушы
  6. Семенихин Виктор Васильевич – п.ғ.к., доцент (ВАК)
  7. Шильмагамбетова Жадра Жангожаевна – п.ғ.к, доцент (АӨУ)
  8. Оразбекова Риза Жумахановна – т.ғ.к ., аға оқытушы
  9. Кайненова Турсынгуль Сансызбаевна – Аға оқытушы, магистр
  10. Султанова Динара Дуйсенгалиевна – оқытушы, магистр
  11. Жанабаев Медет Абдикаппарович – Аға оқытушы, магистр
  12. Мерекеқызы Ардақ – Аға оқытушы
  13. Космбаева Гулжан Тынышпаевна – Аға оқытушы
  14. Котик Елена Петровна – Аға оқытушы
  15. Шукирова Сымбат Сүйеубаевна – Оқытушы, магистр
  16. Оразбек Аян Абзалбекұлы – Оқытушы, магистр
  17. Отарбаева Айнагүл Темірқазиқызы – Оқытушы, магистр
  18. Айтжан Аягөз Талғатқызы – Оқытушы, магистр

Штаттан тыс қосымша оқытушылар

  1. Ихласов Асан Каримович – Практик-маман, оқытушы
  2. Сукенов Сакен Умиртаевич – Практик-маман, оқытушы
  3. Кудайбергенов Жаксылык Раматович – Оқытушы
  4. Каниева Бакыт Абдукаримовна – Оқытушы
  5. Бейсекова Айкумис Сатбековна – Практик-маман, оқытушы
  6. Сартова Асима Мусаевна – Практик-маман, аға оқытушы
  7. Дуйсенов Рустем Ерболатович – Практик-маман, оқытушы
  8. Назаркулова Айгуль Ельбергеновна – Практик-маман, оқытушы
  9. Оразбаев Аян Жеткергенович – Практик-маман, оқытушы

«Мұнай-газ ісі» кафедрасы «6B07202 – Мұнай газ ісі», «6В07106 — Электроэнергетика», «6B07107 – Автоматтандыру және басқару»  мамандықтары бойынша техника және технология бакалаврын дайындайды және бітіруші түлектерге техника және технология бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

«Мұнай және газ кенорындарын игеру және пайдалану» бағыты бойынша білім алушылар мен болашақ мамандар төмендегі лауазымдарда жұмыс істей алады: инженер (I, II, III категориялы); мұнай және газды өндіру шебері, операторы; қабат қысымын ұстау цехының операторы, шебері, бөлімше бастығы; мұнайды дайындау және айдау қондырғысы цехының операторы, шебері; бас құрылғы лаборанты; жобалау институты, жобалау – конструкторлық бюро лаборанты, маманы, технигі; зерттеу, жобалау, конструктор-лық және өндірістік кәсіпорындарында техникалық қызметкер.

«Электроэнергетика» бейініндегі бакалавр келесі салаларда қызмет ете алады: электр энергиясын өндіру; электр энергиясын беру және тарату; жылу энергиясын беру және тарату; электр және жылу энергиясымен жабдықтау.

«Автоматтандыру және басқару» мамандығының кәсіби қызмет саласы: әр түрлі өндірістердің технологиялық процестерін басқарудың автоматтандырылған жүйелері; әртүрлі мақсаттағы автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйелері; жүйелерді, объектілерді, құрылғыларды жобалауға арналған автоматтандырылған жүйелер, әртүрлі салалар өндірісін технологиялық дайындауға арналған автоматтандырылған жүйелер, әртүрлі салалардағы бөлшектерді, бұйымдарды, тораптарды, құрылғыларды кешенді сынаудың автоматтандырылған жүйелері

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы