«Мұнай-газ ісі» кафедрасы – Оқу және ғылыми қызметі
«Мұнай-газ ісі» кафедрасы
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы
Оқу және ғылыми қызметі
Бакалавриаттың барлық пәндері үшін силлабустар мен ОӘК әзірленді және бекітілді. Оқу процесінде: интерактивті оқыту әдістерін қолдана отырып, бакалавриаттың арнайы пәндері бойынша дәрістердің презентациялары қолданылады. “Мұнай өндірудегі техника және технология”, “Мұнай бергіштікті арттыру әдістері”, “Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау техникасы мен технологиясы”, “Ұңғымаларды жөндеу” пәндері бойынша ақпараттық стендтер әзірленді.
Кафедраның оқу кабинеттері мен зертханалары оқу процесінің, ғылыми-зерттеу жұмысының, курстық жұмыстардың және дипломдық жобалаудың бағдарламаларын әзірлеу үшін кафедра оқытушылары мен қызметкерлері пайдаланатын дербес компьютерлермен және интерактивті тақталар жиынтығымен жабдықталған. Барлық зертханалық жұмыстар әдістемелік нұсқаулармен және нұсқаулықтармен қамтамасыз етілген.
Кафедраның ғылыми жұмысының негізгі бағыттары:
- Ақтөбе облысының кен орындарында мұнай өндіруді қарқындату үшін көмірқышқыл газын қолдану технологиясын әзірлеу;
- Ақтөбе облысының кен орындары жағдайында көлденең ұңғымаларды бұрғылау технологиясын қолдану;
- Ақтөбе облысының кен орындарында топырақты тазарту үшін диатомитті қолдану технологиясын әзірлеу;
- Ақтөбе облысының кен орындарында ұңғымаларды пайдалану кезіндегі асқынулармен күресу үшін технологияларды қолдану.
Зерттеудің жалпыланған нәтижелері монографиялар, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, өнертабыстар, мақалалар түрінде ұсынылады, содан кейін студенттерді оқыту үшін қолданылады. Ғылыми зерттеулерге 3-4 курс студенттері тартылады. Ғылыми жұмысты жалғастыру үшін үздік түлектер магистратураға жіберіледі.
Серіктестік
Кафедраның Қазақстан мен таяу шет елдердің кәсіпорындарымен және жоғары оқу орындарымен кең байланыстары оның дамуына және жетілдірілуіне көмектеседі. Кафедра техникалық жоғары оқу орындарының тиісті кафедраларымен және мұнай және газ компанияларымен тығыз жұмыс істейді:
- И. М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті (ҒЗУ) gubkin.ru
- «АктюбНИГРИ» ЖШС //too-aktyubnigri.kz24.online/
- «СНПС-Актобемунайгаз» АҚ cnpc-amg.kz
- «Омас Интергрейтед» ЖШС //omac-int.com
- «СК Тандем Актобе» ЖШС // sk-tandem@bk.ru
- «Іскер-маман» ЖШС // isker-maman@mail.ru
- «Қазақстандық стандарттау және метрология институты» РМК //www.ksm.kz/
- ТОО «BP Services» // bp-services.kz.
- «АзияМунайГруппСервис» ЖШС //amgs.kz/
Аккредитация
Среди вузов РК, проведенным образовательной программой Ассоциацией инженерного образования Казахстана KazSEE по специальности 6В07202, 7М07202 – Нефтегазовое дело 21.12.2021 году, 6В07106 «Электроэнергетика» 23.12.2020 году аккредитована на 5 лет. KazSEE Қазақстанның инженерлік білім беру қауымдастығы білім беру бағдарламасымен 6В07202, 7М07202 – Мұнай-газ ісі (21.12.2021 ж.), 6В07106 – “Электр энергетикасы” мамандығы (23.12.2020 ж.) бойынша өткізілген ҚР ЖОО арасында 5 жылға аккредиттелген.
Оқу процесінің бұл саласы студенттерді оқыту барысында маңыздылардың бірі болып саналады. Барлық оқытылатын пәндер мамандыққа қойылатын біліктілік талаптарға сай оқу-әдістемелік кешендермен қамтамсыздандырылған. Сонымен қатар кафедра оқытушылары мамандандыру пәндері бойынша зертханалық және практикалық жұмыстар бойынша материалдар дайындап, әрі жаңартып отырады.
Кафедрамызда университетіміздің баспа орталығынан шығаруға арналған оқу-әдістемелік басылымдардың жоспары дайындалады.
«Мұнай-газ ісі» кафедарысның оқытушылары шығарған оқулықтар тізімі
Жыл сайын дәстүрлі түрде «Арнайы пәндер апталығы» өткізіледі, онда кафедраның ПОҚ әртүрлі шаралар және ашық сабақтар өткізеді. Соның ішінде әлеуметтік серіктестерді шақырып дөңгелек үстел өткізу ерекше маңызға ие.
2023 жылы 7-қыркүйекте кафедраның ПОҚ және 1, 2-курс магистранттарының қатысуымен HERIOT WATT университетінің филиалы ашылуына байланысты, HERIOT WATT университетінің Ұлыбританиядан келген өкілдерімен жиын өтті.
Жиынға қатысқан мамандар тізімі:
- Шамс Асгар – Эдинбург қаласындағы HERIOT WATT университетінің өкілі, оқытушысы
- Балгынова Акжаркын Мерекеқызы – Техникалық факультет деканы
- Сарқұлова Жадырасын Сейдуллақызы – PhD доктор, оқытушы
- “Мұнай-газ ісі” кафедрасының оқытушылары – Султанова Д.Д., Кайненова Т.С., Жанабаев М.А., Шукирова С.С.
- “Мұнай-газ ісі” мамандығының 1,2-курс магистранттары
Жиын барысында, Ұлыбританиядағы HERIOT WATT университетінің өкілі Асгар Шамс университет тарихымен таныстырды. Сонымен қатар, бұл университетте қандай мамандықтар оқытылатындығы, қандай елдерде және қалаларда бөлімшелері бар екендігі, оқу процессі қалай жүретіндігі және тағы басқа қызықты нәрселер жайлы баяндап берді.
Кафедрада тек конференция, ашық сабақтардан бөлек, жыл сайынғы пәндік олимпиадаларда ұйымдастырылып тұрады.
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Техникалық факультетінің «Мұнай – газ ісі» білім беру бағдарламасы бойынша 2022 жылдың 11.04 күні өткізілген факультет аралық ғылыми апталығында «Мұнай газ ұңғыларын бұрғылау процессі» және «Мұнай өндірудің технологиясы мен техникасы» бойынша пәндік олимпиадада жоғары нәтиже көрсеткен
1 орын иегерлері:
Мұнай-газ ісі мамандығының 3-курс студенттері:
МГІқ-301 тобы Төлеуқазы Әсем Қорғанбекқызы
МГІқ-302 тобы Аралбай Санжар Умбеткалиулы
МГІқ-302 тобы Темирханова Мадина Махсетбайқызы
2 орын игері:
МГІқ-302 тобы Асан Әбілқайыр Қайратұлы
3 орын иегері:
МГІқ-302 тобы Әлібекова Жазира Ақжайыққызы марапатталды.
Студенттеріміз өз білімдерін сынға салғаны үшін алғыс Алғыс хаттармен марапатталды.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары
Кафедраның басты бағыттарының бірі ғылыми-зерттеу жұмыстары болып табылады. Оқытушы тек қана сабақ берумен, университеттің қоғамдық жұмыстарына қатысумен, ал студенттер оқу процесімен шектелмеуі қажет. Қазіргі таңда біліктілігі жоғары маман өндірісте туындайтын мәселелерді шешу жолында, ғылымның соңғы жетістіктерін қолдана отырып ғылыми тұрғыдан жұмыс атқаруы қажет. Сондықтан кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстарына аса көңіл бөлінеді. Ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін кафедра оқытушысы, PhD доктор Сарқұлова Жадырасын Сейдуллақызы және магистр, аға оқытушы Кайненова Турсынгул Сансызбаевна жауапты.
Қазіргі таңда «Мұнай-газ ісі» кафедрасының оқытушыларының көптеген ғылыми мақалалары жарық көріп отыр. Тек мемлекеттік дәрежеде ғана емес, сонымен қатар халықаралық журналдарда да жарияланымдары бар.
«Мұнай-газ ісі» кафедрасы Scopus базасындағы мақалалар тізімі
Қыркүйек айының 15-інші жұлдызында Үрімші, Шынжаң, Қытай елінде Халыкаралық білім беру форумы өтті.
Форумды Шынжаң-Ұйгыр автономды ауданының компартия хатшысының орынбасары, Халық үкіметінің төрағасы Еркін Тулец жане Білім министрі сөз алды.
Қазақстан елінен, ғылым және жоғары білім вице-министрі Камиля Ахатова сөз сөйледі.
Форум аясында бірнеше бағытта дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.
Осы ұйымдастырудың жалғасы Қарамайдағы Қытай мұнай университетінің Кампусы болды. Бұл форумда Қытай мұнай университетінің Ректоры және проректорларының қатысумен кездесу өтті. Қ.И. Сатбаев атындағы Қазақ ұлттық, техникалық зерттеу университетінің Геология және мұнай-газ ісінің директоры, техника ғылымдарынын докторы Сыздыков Лекер Хамдиевич және Қ.Жұбанов АӨУ “Мұнай – газ ісі” кафедрасының меңгерушісі Алматова Баян Газизовна қатысты. Кездесу барысында оқу процесіндегі академиялық және ғылыми бағыттар, ғылыми зертханаларды пайдалану, ғылым ПОҚ тәжірибе алмасу, шетел ғалымдарын тарту, білімалушылар арасында қытай тілі курстарын оқыту сияқты мәселелер қаралды.
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Мұнай-газ ісі кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Саркулова Жадырасын Сейдуллақызы 2022 жылдың 5-желтоксанында Алматыда дүниежүзілік жер күніне орай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция қатысып баяндама жасады. Сондай – ақ, бұл семинар PhD Саркулова Ж.С. жетекшісі биология ғылымдарының докторы, профессор Фарида Қозыбаеваның 80 жылдығына орай ұйымдастырылған ғылыми іс-шарада талқылаудың негізгі тақырыбы қазіргі топырақтану мәселелері және оның даму перспективалары болды және оның экологияға әсері.
Қ. Жұбанов атындағы АӨУ Purdue University – мен бірлесіп US — Kazakhstan University Partnership Program бағдарламасының грантын жеңіп алды
Жұбанов университеті, Сәтбаев университеті және АҚШ-тың жетекші зерттеу университеті Purdue University Халықаралық білім беру жөніндегі американдық кеңеске (American Councils for International Education) бірлескен жоба жоспарын ұсынды және грант иегерлерінің тізіміне енді.
Жобаның басты мақсаты-академиялық трансформация жолында STEM оқыту әдістерін жетілдіру (“leading Aacademic Transformation: ENHANCING STEM instructional methods”).
Жоба аясында Purdue University-де екі ЖОО-ның STEM оқытушылары үшін онлайн-курс өтті. Сонымен қатар, маусым айында Purdue университетінің профессоры практикалық курстар өткізді. Осы шара аясында кафедра доценті Жубандыкова Ж.У. ұйымдастырумымен “Мұнай-газ ісі” кафедрасының ПОҚ құрамы мен Purdue University-нің профессоры Paul Asunda арасында кездесу өтті.
2023 жылдың қазан айының 18-19 күндері 7М07106-Электроэнергетика білім беру бағдарламасының магистранттарына «Электроэнергетиканың перспективалық даму бағыттары» пәні бойынша қонақтық дәріс өтті.
Дәріс қонағы Малайзия технологиялық кеңесінің кәсіби технологы. Suruhanjaya Tenaga Malaysia компаниясында аккредиттелген энергияны өлшеу және сынау бойынша маманы. Қазіргі уақытта Smart Sustainable Cities жұмыс тобының техникалық сарапшысы, MDEC Global Technology Grants Group, MTSFB, сондай-ақ IoT Technical Professional Network комитетінің мүшесі, IET, UK және Young MINDS Malaysia президенті. Бірнеше өнеркәсіптік зерттеу гранттарының жеңімпазы. 2019 жылғы Heriot-Watt University PRIME сыйлығының иегері-Джасерн Панг.
Кездесу барысында магистранттар жоғары белсенділік танытып, регионалдық электроэнергетиканың негізігі даму бағыттарын атап өтті. Профессор Джасерн Панг бүгінгі таңда олардың елдеріндегі даму бағыттарын айтып өтті.
Кездесу нәтижесінде профессор Джасерн Панг «Мұнай-газ ісі» кафедрасының т.ғ.к., доцент Жубандыкова Женискуль Умиртаевнаға магистранттармен бірге ортақ ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуды ұсынды және магистранттардың диссертациялық тақырыптарына жоғары қызығушылығын танытты.
Электрондық оқу ресурстарын әзірлеу және жариялау
Алматова Баян Газизовна
Электрондық ресурстар – бейнелекциялар:
- 6В07203 – Мұнай-газ ісі (2 курс) Геологиялық пәндер (ҚАЗ)
- 6В07201 – Тау-кен ісі (2 курс) Геологиялық пәндер (ҚАЗ)
- 6В07202- Мұнай-газ ісі (4 курс) Ұңғыманы жөндеу (ҚАЗ)
- 7М07202 – Мұнай-газ ісі (2 курс) Ұңғыманы жөндеу (ҚАЗ)
Балгынова Акжаркын Мерекеевна
Электрондық ресурстар – бейнелекциялар:
- 6В07203 – Нефтегазовое дело (4 курс) Ұңғы өнімдерін жинау және дайындау (РУС)
- 7М07202 – Нефтегазовое дело (1 курс) Мұнай және газ қабаты физикасы (ҚАЗ)
Мерекеқызы Ардақ
Электрондық ресурстар — бейне дәрістер: (кафедраның ПОҚ)
- 6В07202 – Мұнай-газ ісі (2 курс) Мұнай және газ кен орындарын бұрғылау процесі (ҚАЗ)
- 6В07202 – Мұнай-газ ісі (2 курс) Мұнай-газ кен орындарын игерудің геологиялық негіздері (ҚАЗ)
- 6В07202 – Мұнай-газ ісі (3 курс) Мұнай кәсіпшілігі машиналары мен механизмдері (ҚАЗ)
- 6В07202 – Мұнай-газ ісі (3 курс) Мұнай-газ қоймаларын пайдалану (ҚАЗ)
- 6В07202 – Мұнай-газ ісі (4 курс) Қайраң кен орындарының негіздері (ҚАЗ)
- 6В07202 – Мұнай-газ ісі (4 курс) Ұңғыма өнімдерін жинау, дайындау және тасымалдау (ҚАЗ)
Султанова Динара Дуйсенгалиевна
Электрондық ресурстар — бейне дәрістер: (кафедраның ПОҚ)
- 6В07202 – Мұнай-газ ісі (4 курс) Ұңғымаларды жөндеу
- 6В07202 – Мұнай-газ ісі (4 курс) Қайраң кен орындарын меңгеру
- 6В07202– Мұнай-газ ісі (4 курс) Кәсіптік геофизика нәтижелерін геоинженерлік модельдеу
- 6В07202 – Мұнай-газ ісі (4 курс) Материалтану
- 6В07202 – Мұнай-газ ісі (4 курс) Мұнай газ ұнғыларын бұрғылауда жөндеу жұмыстары
- 6В07202 – Мұнай-газ ісі (4 курс) Ұнғыны аяқтау
- 6В07202 – Мұнай-газ ісі (4 курс) Мұнай газ саласында жобалау жұмыстарын автоматтандыру жүйесі
- 6В07202 – Мұнай-газ ісі (4 курс) Қайраң кен орнын барлау
- 6В07202 – Мұнай-газ ісі (4 курс) Тампонажды материалдар
Котик Елена Петровна
Электрондық ресурстар — бейне дәрістер: (кафедраның ПОҚ)
- 6В07202 – Мұнай-газ ісі (4 курс) Қайраң кен орындарын игеру (РУС)
- 6В07202 – Мұнай-газ ісі (3 курс) Мұнай өндіру техникасы мен технологиясы
- 6В07202 – Мұнай-газ ісі (3 курс) Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы
Космбаева Гулжан Тынышпаевна
Электрондық ресурстар — бейне дәрістер: (кафедраның ПОҚ)
- 6В07202 – Мұнай-газ ісі (4 курс) Методы повышения нефтеотдачи пластов (ҚАЗ)
- 6В07202 – Мұнай-газ ісі (3курс) Нефтепромысловые машины и механизмы(ҚАЗ)
- 6В07202 – Мұнай-газ ісі (2-3 курс) Техника и технология добычи нефти (ҚАЗ)
- https://www.youtube.com/channel/UCTi7gLo1_49VybxOEWFZWHQ/playlists
Космбаева Гулжан Тынышпаевна – Электрондық мультимедиялық оқулық
- 6В07202 – Мұнай-газ ісі (2-3 курс) Техника и технология добычи нефти (ҚАЗ)
Шильмагамбетова Жадра Жангожаевна
Электрондық ресурстар — бейне дәрістер: (кафедраның ПОҚ)
- 6В07106 – Электроэнергетика (2 курс) Инженерная графика (ҚАЗ)
- 6В07106 – Электроэнергетика (2 курс) Инженерная графика (РУС)
- https://www.youtube.com/channel/UCJ7zxGJ0xUB8AKDsv5UzGfA/playlists
Кайненова Турсынгул Сансызбаевна
Электрондық ресурстар — бейне дәрістер: (кафедраның ПОҚ)
- 6В07202 – Мұнай-газ ісі (2 курс) Мұнай мен газдың химиялық құрамы және физикалық қасиеттері (ҚАЗ/ РУС)
- 6В07202 – Мұнай-газ ісі (3 курс) Мұнай-газ жабдықтарын коррозиядан қорғау (КАЗ)
- 7В07202 – Мұнай-газ ісі (2 курс) Мұнай мен газды өңдеудің негізгі әдісі (ҚАЗ/ РУС)
- 7В07202 – Мұнай-газ ісі (4 курс) Өнеркәсіптік қауіпсіздік негіздері (ҚАЗ)
- 7В07202 – Мұнай-газ ісі (2 курс) Термодинамика және қабат физикасы (ҚАЗ/ РУС)
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы