Металлургия және тау-кен ісі кафедрасы – Оқу және ғылыми қызметі
Металлургия және тау-кен ісі кафедрасы
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы
Оқу және ғылыми қызметі
Бакалавриаттың барлық пәндері үшін силлабустар мен ОӘК жасалып бекітілген. Оқу үдерісінде арнайы пәндерден интерактивті тақтаның көмегімен дәріс презентациялар қолданылады. «Еңбекті қорғау және өмір қауіпсіздігі», «Электр болат өндірісінің теориясы мен технологиясы», «Металлургиялық агрегаттардың құрылымы және оларды жобалау», «Жобалаудың негіздері және металлургиялық агрегаттарды жобалау» пәндерінен стендтер пайдаланылады.
Кафедраның оқу кабинеттері мен лабораториялары компьютерлермен және интерактивті тақта жиынтықтарымен жабдықталған. Бұл компьютерлерді кафедраның оқытушылары мен қызметкерлері оқу үрдісінің бағдарламаларын әзірлеуде, ғылыми зерттеу жұмыстарын орындау кезінде, студенттер курстық және дипломдық жобалау барысында пайдаланады. Барлық зертханалық жұмыстар әдістемелік нұсқаулықпен қамтамасыз етілген.
Кафедраның ғылыми жұмысының негізгі бағыттары:
- Ферроматериалдарды ұсақтаудың энергия тиімді және ресурсты үнемдейтін технологиясы;
- Оңтүстік-Кемпірсай кен орнының кедей және кондицияланбаған шикізатын бәсекелестікке қабілетті өнім ала отырып, кешенді қайта өңдеудің ресурсты үнемдейтін технологиясын жасау;
- Хром шикізатын қайта өңдеу кезінде түзілетін техногенді шикізаттан бәсекелестікке қабілетті хром ферроқорытпаларын алудың технологиясын жасау;
- Қоршаған ортаға техногенді жүктемесін төмендету үшін кешенді тотықсыздандырғыштарды пайдалану арқылы қождың өздігінен үгітілуін болдырмайтын феррохромның рафинирленген маркаларын балқыту технологиясын жасау;
- Ақтөбе облысының өндірістік кәсіпорындарының техногенді қалдықтарын нарықта бәсекелестікке қабілетті тауарлық өнімді ала отырып қайта өңдеу технологиясын жасау ;
- Тау-кен-металлургиялық кешені өндірісінің технологияларын жасау және жетілдіру;
- Терең карьерлерді циклді-ағындық технологиялары кешеніндегі технологиялық сұлбалары мен параметрлерінің дамуын басқару.
Зерттеулердің жалпыланған нәтижелері монография, оқулық, оқу және әдістемелік оқу құралдары, өнертабыс, мақала түрінде көрсетіледі және кейін студеттерді оқыту үшін қолданылады. Ғылыми зерттеулер үшін 3-4 курс студенттері тартылады. Үздік түлектер ғылыми жұмысын жалғастыру үшін магистратураға жіберіледі.
Серіктестік
Кафедраның Қазақстан мен жақын шет елдердің кәсіпорындары және жоғары оқу орындарымен кең байланысы дамуға және жетілуге ықпал етеді. Кафедра келесі техникалық оқу орындарының кафедралары және металлургиялық кәсіпорындармен тығыз қарым-қатынаста:
- Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университеті kgiu.kz
- Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті kstu.kz
- Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургиялық институты hmi.kz
- Оңтүстік Орал мемлекеттік университеті susu.ac.ru
- Г.И. Носов атындағы Магнитогор мемлекеттік техникалық университеті magtu.ru
- «Казхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауыты erg.kz
- Ақтөбе рельс-арқалық зауыты arbz.kz
- «Казхром» ТҰК» АҚ филиалы – Дөң кен байыту комбинаты erg.kz
- «Восход Ориел» ЖШС
Аккредитация
АРТА жүргізген ҚР жоғарғы оқу орындары білім бағдарламаларының ұлттық рейтингісінде 5В070900 – «Металлургия» мамандығы 2014 ж. 2-орын, 2015 ж. – 3-орын, 2016 ж. – 5 орын, 2017 ж. – 3 орын алды; 5В070700 – «Тау-кен ісі» мамандығы 2014 ж. 2-орын, 2015 ж. – 3-орын, ал 2016 ж. – 4 орын алды.
Дуальды оқыту: «ТҰК Қазхром» АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауытында
«Қазхром» ТҰК» АҚ-мен дуальды білім беру және ынтымақтастық бағдарламасы аясында Металлургия және тау-кен ісі кафедрасының студенттері Ақтөбе ферроқорытпа зауытына тәжірибелік сабақтарын өтеді. Бұл университет пен кәсіпорын арасында жасалған келісімнің арқасында мүмкін болды.
Өндірісте практикалық оқыту
Зауытта студенттер теорияны меңгеріп қана қоймай, нақты өндіріс жағдайында жаңа техникамен және технологиялармен жұмыс істеу арқылы құнды практикалық дағдыларға ие болады. Бұл болашақ инженерлерге металлургия саласындағы білімін тереңдетуге мүмкіндік береді.
«Қазхром» ТҰК» АҚ қолдауы
Сабақтар кәсіпорынның жетекші мамандарының жетекшілігімен жүргізіледі, бұл ғылым мен өндірістің өзара тығыз байланысына ықпал етеді. «Қазхром» ТҰК» АҚ қолдауының арқасында біздің студенттер кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға және оқуды аяқтағаннан кейін бірден жұмысқа дайын болуға бірегей мүмкіндік алады.
Металлургия және тау-кен ісі кафедрасы студенттерінің халықаралық ұтқырлығы
Металлургия және тау-кен ісі кафедрасы студенттерге шетелде білім алуға және жетекші әлемдік университеттермен білім алмасуға мүмкіндік бере отырып, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын белсенді түрде қолдайды. Серіктестік бағдарламаларына қатысатын негізгі елдердің кейбірі Түркия мен Әзірбайжан болып табылады, оларда біздің студенттер металлургия және тау-кен өнеркәсібіне қатысты мамандықтар бойынша білім алып жүр.
Академиялық ұтқырлық аясында студенттер халықаралық академиялық ортаға еніп, металлургия мен тау-кен өнеркәсібіндегі соңғы технологияларды және табиғи ресурстарды тұрақты пайдаланудың озық тәжірибелерін үйренеді.
Халықаралық ұтқырлықтың артықшылықтары:
- Халықаралық сарапшылармен және оқытушылармен тәжірибе алмасу.
- Жетілдірілген зертханалар мен ғылыми орталықтарды көруге мүмкіндік алу.
- Тілдік дағдыларды жетілдіру және мәдениетаралық құзыреттіліктерді дамыту.
- Алынған білімді нақты өндіріс жағдайында практикада қолдану мүмкіндігі.
Біздің студенттер Әзірбайжанда
Біздің студенттер Америкада
Біздің студенттер Түркияда
Металлургия және тау-кен ісі кафедрасының студенттерінің өндірістік тәжірибесі
Студенттеріміз Ақтөбе облысының жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындарында жүйелі түрде тәжірибеден өтіп тұрады, бұл олардың теориялық білімдерін іс жүзінде қолдануға және заманауи өндіріс технологияларымен танысуға мүмкіндік береді.
Кафедрамыз ынтымақтасатын кәсіпорындардың ішінде келесі компанияларды бөліп көрсетуге болады:
- «ТҰК «Қазхром» АҚ әлемдегі феррохромды ірі өндірушілердің бірі болып табылады.
- Ақтөбе мыс компаниясы мыс өнеркәсібінде көшбасшы болып табылады.
- Дөң КБК – хром рудаларының жетекші өндірушісі.
- «AltynEx Company» АҚ – Қазақстандық алтын өндіруші компания.
- «Лотос Ақтөбе» ЖШС – заманауи өндіріс орындары бар серпінді дамып келе жатқан компания.
Студенттер нақты өндірістік жағдайларда жұмыс істеуге, кәсіби дағдыларды дамытуға және соңғы технологиялық процестермен танысуға мүмкіндік алады, бұл олардың түлектерін еңбек нарығында жоғары бәсекеге қабілетті мамандар етеді.
«AltynEx Company» АҚ
Ақтөбе ферроқорытпа зауыты
Приорск карьері, горизонт +252
Ақтөбе мыс компаниясы
Дөң тау-кен байыту комбинаты
Металлургия және тау-кен ісі кафедрасының оқытушыларының біліктілігін арттыру
Кафедра оқытушылары отандық, сондай-ақ халықаралық ғылыми-білім беру институттарында өз біліктіліктерін үнемі арттырып отырады. Оқыту әртүрлі форматтарда, соның ішінде оффлайн курстар мен онлайн семинарларға қатысады, бұл оқытушыларға металлургия және тау-кен ісі саласындағы соңғы ғылыми жетістіктер мен технологиялардан хабардар болуға мүмкіндік береді.
Оқытушылардың біліктілігін арттыру келесі бағыттарды қамтиды:
- Заманауи білім беру әдістері мен оқыту технологияларын меңгеру.
- Халықаралық ғылыми конференциялар мен симпозиумдарға қатысу.
- Дүние жүзіндегі жетекші университеттер мен ғылыми орталықтардағы әріптестермен тәжірибе алмасу.
Біліктілікті арттырудың бұл үздіксіз үдерісі білім беру үдерісінің сапасын арттыруға, студенттерге қазіргі заманғы өндірісте қолданылатын қазіргі білім мен инновациялық технологиялар туралы ақпараттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Электрондық оқу ресурстарын әзірлеу және жариялау
Жумагалиев Ерлан Уланович
Электрондық ресурстар – бейнелекциялар:
- 6В07203 – Металлургия (2 курс) Металлургиялық үрдістің физика-химиясы (РУС)
- 6В07203 – Металлургия (2 курс) Металлургиялық үрдістің физика-химиясы (ҚАЗ)
- 6В07203 – Металлургия (2 курс) Металлургия үрдісінің теориясы
Есенгалиев Даурен Амангельдиевич
Электрондық ресурстар – бейнелекциялар:
- Академиялық жазба негіздері электрондық оқу құралы
- Болат өндірісінің теориясы мен технологиясы
- Ферроқорытпалар өндірісінің теориясы мен технологиясы
- Металлургиялық агрегаттардың конструкциясы және жобалау
Сариев Отеген Рафхатович
Электрондық ресурстар – бейнелекциялар:
6В07203 – Металлургия (4 курс)
- Болатты ыстықтай илемдеудің технологиясы
- Болатты салқындай илемдеудің технологиясы
- Рельс және арқалық өндірісінің технологиясы
Шабанов Ербол Жақсылықұлы
Электрондық ресурстар – бейнелекциялар:
- Металлургиялық өндірісті автоматтандыру
- Металдар мен қорытпаларды құю және олардың кристалдануы
- Металдардың технологиялық қасиеттері
Имангазин Марат Кыдырбаевич
Электрондық ресурстар – бейнелекциялар:
- Жерасты тау-кен жұмыстарында еңбекті қорғау
- Тау-кен қазбаларын жүргізу және бекіту
- Тау кен кәсіпорындарын жобалау
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы