Металлургия және тау-кен ісі кафедрасы – Жетістіктер

Металлургия және тау-кен ісі кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Жетістіктер

  • 2017 жылы т.ғ.д.,профессор С.С.Құлнияз – «Университетті дамытудағы еңбегі үшін» медалі;
  • 2018 жылы т.ғ.д., профессор С.С.Құлнияз – 2018-2020 жж. Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру ҚР ҒБМ гранты;
  • 2018 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университтеттің профессор-оқытушылар мен қызметкерлер арасындағы «Ректор кубогі» КВН ойынынан «Технорлар командасы» 1 орын, Ақтөбе қаласы;
  • 2019 жылы университеттің Ғылыми кеңесі шешімімен кафедраның доценті, т.ғ.к. Кузбақов Жанаберген Иманқұлұлына университеттің «Құрметті профессоры» атағына ие болды.

Студенттердің олимпиадалар мен түрлі конкурстардағы жетістіктері

  • 2017 ж. –  Қ.Т.Баянбаев – Қазақстан Республикасының өркендеуі жолында өз кәсібінде қол жеткізген ерекше жетістіктері, қоғамдағы белсенді азаматтық ұстанымы және халқымыздың рухани жаңғыруына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өткізілген Республикалық «Патриоттар Форумы» аясында «Жыл патриоты» номинациясымен, Астана қаласы;
  • 2017 ж. –  И.С.Джаксыбаев – бодибилдинг және фитнес бойынша республикалық кубок, 3–орын, Алматы қаласы;
  • 2017 ж. –  Ә.Ә.Мақсат – кикбоксинг бойынша республикалық турнир, 3-орын, Орал қаласы;
  • 2017 ж. – Т.Ө.Серікбай – еркін күрестен республикалық турнир, 3-орын, Қарағанды қаласы;
  • 2017 ж. – Қ. Баянбаев – Қазақстан Республикасы «Туған жер! Туған тіл! Туған ел!» форумында «Жыл патриоты» номинациясынның дипломы марапатталды;
  • 2017 ж. –  Қ. Баянбаев, А.Нуржанов, А. Бертлюев  «Металлургия және тау – кен ісі» кафедрасының жанынан құрылған «24 элемент» клубының мүшелері: –Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ «Мамандық таңдау – табысты болашақ кілті» атты факультетаралық байқауы, диплом, 2 орын, Ақтөбе қаласы;
  • 2018 ж. – кафедраның студенттері жоғары оқу орындары студенттерінің арасындағы Республикалық пәндік олимпиададан «Металлургия» мамандығы бойынша командалық екінші орынға ие болды.
  • 2018 ж. – Кұлмұрза Мурагер осы олимпиадада екінші орынды жүлделеді.
  • 2018ж. – Жұмабаева Жұлдызай Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсында «Металлургия» мамандығы бойынша үшінші орынға ие болды.
  • 2018 ж. – Жұмабаева Жұлдызай университеттің «Ғылым қайнары» атты студенттердің  ғылыми жұмыстары конкурсында бірінші орынды жүлделеді. Жұмабаева Жұлдызай Президент степендиясының иегері болып табылады.

2019 жылы Бурумбаев Азамат «Ғылым қайнары» студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми жобалар байқауында  І орынды иемденді;

2019 жылы Сайлауов Мейрамбек «Ғылым қайнары» студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми жобалар байқауында  ІІІ орынды иемденді;

2019 жылы университетішілік «Үздік ғылыми үйірме» байқауында «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасы жанында құрылған «24 ELEMENT» ғылыми үйірмесі Бас жүлдені иемденді. Ғылыми үйірме жетекшісі: Ерсайынова Альбина Абатқызы;

2019 жылы университетішілік «Ғылым апталығы» аясында техникалық факультеттің металлургия және тау-кен ісі кафедрасының доценті, т.ғ.к. Бауыржан Келаманов «Үздік жас ғалым – 2018» номинациясын иеленді;

2019 жылы университетішілік «Ғылым апталығы» аясында «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды;

2019 жылы Азатбеков Ильмурат «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада, IІІ дәрежелі диплом, Рудный қаласы;

2019 жылы Жұмабаева Жұлдызай «Металлургия» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиадаға қатысып IІ дәрежелі дипломмен марапатталды;

1 қазан – Қарттар күні мерекесіне орай, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің, Техникалық факультеті “Металлургия, тау-кен және мұнай-газ ісі” кафедрасының профессорлық оқытушылар құрамы бірігіп, қарттар үйіне сыйлық тарту етті. Кафедра меңгерушісі Баян Газизовнаның бастауымен кафедраның жас оқытушылары қарттар үйіне барып, жылы лебіздерін білдіріп, сыйлықтарын табыс етті. Қазыналы қарттарымыздың амандығын тілеп, көңілдерін бір көтеріп, жүздеріне күлкі мен жүректеріне шаттық ұялатып, ізгі жандардың ақ батасын алып келді.

Zhubanov University 85 жылдығына орай факультетаралық жас мамандар арасында ұйымдастырылған «Quiz, please!» интеллектуалды ойынында Техникалық факультетінің «МГД» командасы жүлделі 1 орын иеленді.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Техникалық факультетінің “Металлургия, тау-кен және мұнай-газ” ісі кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты Келаманов Бауыржан Сатыбалдыұлына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен қауымдастырылған профессор атағы берілді.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 85 жылдық мерейтойына орай техникалық факультетінің бірқатар оқытушыларына білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ақтөбе облыстық ұйымы атынан алғыс хат пен 50 000 теңгелік сертификаттар табысталды.

Қазіргі кезде цифравизация білім берудің ең негізгі құралы болып тұрғандықтан, әрбір оқытушының бейімділігі мен қабілеттілігін шыңдау мақсатында университетіміз біліктілікті арттыру курстарын өткізіп отыр. Заманның талабына сай, сапалы кадр даярлау ісіне жаңашыл бағыт пен жаңашыл білім беру жолдарын жетілдіру мақсатымен өткізілген біліктілікті арттыру курстары оқытушылардың кәсіби шеберлігін шыңдағандығы сөзсіз. Техникалық факультеттің оқытушылары 2020 жылдың қыркүйек-қазан айлары аралығында 72 академиялық сағат көлемінде «Жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы заманауи педагогикалық технологиялар» және «Цифрлық кәсіптік білім беру мен оқытудың педагогикалық тұжырымдамасы» тақырыптары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Техникалық факультетінің деканы, «Металлургия, тау-кен, мұнай-газ ісі» кафедрасының т.ғ.к., доценті Балгынова Акжаркын Мерекеевна “Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне 85 жыл” мерекелік төсбелгі иегері атанды.

Факультетіміздің ардагер оқытушысы, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты Власко Герман Николаевич “Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне 85 жыл” мерекелік төсбелгісімен марапатталды.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 85  жылдығына орай қызметкерлер мен профессорлық-оқытушылар құрамы арасында волейболдан ұйымдастырылған турнирде  техникалық факультетінің оқытушылар құрама командасы 9 факультет арасынан жүлделі 3-ші орынға және лайықты марапаттарға ие болды.

«Металлургия, тау-кен және мұнай-газ ісі» кафедрасының Профессор-оқытушылар құрамы мүшелерінің оқу құралдары мен монографиялық жұмыстары.

«Металлургия, тау-кен және мұнай-газ ісі» кафедрасының марқұм-ардагер ұстазы, т.ғ.к., доцент Кузбаков Жанаберген Иманкуловичтің «Конструкции и проектирование металлургических печей» және «Проектирование и оборудование металлургических цехов» атты еңбектері студенттер мен магистранттардың негізгі оқу құралдарына айналды.

Техникалық факультетінің деканы Балгынова Ақжарқын Мерекеевнаның «Исследование конструктивно-технологических параметров и режимов работы роторной центрифуги для обезвоживания кормовой пивной дробины» мұнай-газ ісі мамандығының студенттеріне арналған еңбегі бар.

«Металлургия, тау-кен және мұнай-газ ісі» кафедрасының меңгерушісі Алматова Баян Газизовнаның «Мұнай мен газды іздеу және барлау геологиясы», «Мұнай кәсіпшілігінде қоршаған ортаны қорғау», «Прогноз разработки нефтегазовых залежей» атты еңбектері мұнай-газ ісі мамандығының студенттеріне мамандық жөнінде жан-жақты ақпарат береді.

«Металлургия, тау-кен және мұнай-газ ісі» кафедрасының т.ғ.к., қауымдастырылған профессоры Келаманов Бауыржан Сатыбалдыұлының, т.ғ.к., доцент Самуратов Ерулан Каиржановичтің, т.ғ.к., доцент Сариев Отеген Рафхатовичтің «Металлургия үрдісінің технологиясы» оқу құралы және «Комплексная переработка некондиционных железомарганцевых и хромоникелевых руд Казахстана», «Integrated processing of substandard iron-manganese and chrome-nikel  ore of Kazakhtan» атты екі монографиясы жарыққа шықты.

Котик Е. П, Котик П. Т «Разработка и эксплуатация нефтяных и газовых месторождений» оқулығы студенттер арасында кең қолданысқа ие.

Павлодар қаласы Торайғыров университетінде 2022 жылдың 21-22 сәуірінде «Металлургия» мамандығы бойынша жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткен Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің командасы жүлделі 2 орынға ие боды. Аталған олимпиадаға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Техникалық факультетінің «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасының оқытушысы Бурумбаев Азамат Галимжановичтің жетекшілігімен «Металлургия» ББ 2 курс студенті Алпысбаев Нұрсұлтан Қайратұлы, 3 курс студенттері Жетпісбайұлы Орынбасар, Қайыржанов Диас Алтынбекұлынан құралған команда барған болатын. Республикалық пәндік олимпиаданың нәтижесі бойынша 3 дәрежелі дипломмен Қайыржанов Диас Алтынбекұлы марапатталды.

2022 жылдың 14-15 сәуірінде Рудный Индустриалды университетінде «Тау-кен ісі» ББ «Тау-кен өндірісінің негіздері», «Тау-кен өндірісінің экологиясы» пәндері бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңі өтті. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Техникалық факультетінің «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасының аға оқытушысы Сұлтанов Мұратбек Ғабитұлының жетекшілігімен «Тау-кен ісі» ББ 3 курс студенттері Қыстаубай Диас Маратулы, Орынбайұлы Бақытжан, 2 курс студенті Бисенов Нұрсен Бақытұлынан құралған команда барған болатын. Республикалық пәндік олимпиаданың нәтижесі бойынша 2 дәрежелі дипломмен Қыстаубай Диас Маратулы, 3 дәрежелі дипломмен Бисенов Нұрсен Бақытұлы марапатталды. Жалпыкомандалық нәтиже бойынша жүлделі екінші орынды иеленді.

Басқарма-төрағасы ректоры Карабасова Лаура Чапаевна Университетіміздің жандануына ат салысып, еңбектеніп жүрген нәзік жандыларға зор алғысын білдірді. Атқарған қажырлы еңбектеріне, төккен терлеріне, кәсіби шығармашылықтарына ризашылық білдірді және өз атынан алғыс хаттармен бірқатар әйелдер қауымын марапаттады. Сондай алғыс хаттардың бірі Техникалық факультетінің “Металлургия және тау-кен ісі” кафедрасының аға оқытушысы, 21 жылдық еңбек өтілі бар Ахметова Мейрамгүл Рахметоллаевнаға табысталды.

27.04.2022 жылы Қ.Жұбанов атындағы АӨУ сәуір айының басында бастау алған “Ғылым айы” қорытыланды. Ұйымдастырылған ғылыми – зерттеу жұмыстары бойынша “Металлургия және тау – кен ісі” кафедрасының PhD аға оқытушысы, Есенгалиев Даурен Амангельдиевич “Үздік жас ғалым” номинациясымен марапатталды.

Университетімізде ұстаздар күні қарсаңында оқытушыларға құрмет көрсетіп, білім беру саласының дамуына қосқан үлестері үшін білім қызметкерлерін марапаттау дәстүрге айналған. Биылғы жылы да заман талабына сәйкес маман қалыптастыруда білімі мен біліктілігін күнделікті ісінде шебер қолдана білетін ең үздік Профессорлық оқытушылық құрам марапатталды. «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасынан Сұлтанов Мұратбек Ғабитұлы ректордың алғыс хатымен марапатталды.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы