Көлік техникасы, тасымалдауды ұйымдастыру және құрылыс – Кафедра тарихы

Көлік техникасы, тасымалдауды ұйымдастыру және құрылыс


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Кафедра тарихы

1996 жылғы 1 қыркүйекте Ақтөбе университетінде облыстық әкімшіліктің қолдауымен, ректораттың шешімімен инженерлік-техникалық факультетте 2805.40 — «Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы» мамандығы бойынша, 1998 жылғы 1 қыркүйектен бастап 3001.40 — «Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығы бойынша «Жаратылыстану-ғылыми пәндер және еңбекке оқыту» кафедрасында инженерлерді даярлау басталды.

Студенттерді даярлау мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

2001 жылы Қазақстанның батыс өңірінде алғаш рет 2805.40 — «Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы» мамандығы бойынша 39 студент бітірді.

2000 жылы 16 қаңтарда инженерлік-техникалық факультетте «Автокөлік және жол қозғалысын ұйымдастыру» кафедрасы құрылды.

2000 жылдың қаңтар айынан бастап оқу процесін ұйымдастыру және мамандарды сапалы даярлау үшін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз етілмеуіне байланысты университет ректоратымен Батыс Қазақстан аграрлық университетінен (Орал қ.) техника ғылымдарының кандидаттары А. Ж. Мурзагалиев, Б. М. Махметов, Б.Х. Үмбетов және т.ғ.д., профессор Е. С. Айталиев шақырылды.

2000 жылы 16 қаңтардан бастап Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті ректорының бұйрығымен «Автомобиль көлігі және жол қозғалысын ұйымдастыру» кафедрасы құрылды.

Кейіннен кафедраны т.ғ к., доцент А. Ж. Мурзагалиев басқарды, одан кейін кафедра меңгерушісі қызметін т.ғ.к. доцент Б. М. Махметов, аға оқытушы Н. С. Сауханов, аға оқытушы М. Б. Ерманов, аға оқытушы А. Т. Мұхтаров атқарды, одан кейін 2019 жылы модернизация жүргізілді, онда екі кафедра біріктіріліп, «Көлік техникасы, тасымалды ұйымдастыру және құрылыс» кафедрасының меңгерушісі болып, техника ғылымдарының магистрі А. С. Мұқашева тағайындалды, кейіннен кафедраға Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінен ( Қарағанды қ.) п. ғ. к., қауымдастырылған профессор И.С.Өтебаев шақырылған,. қазіргі уақытта «Көлік техникасы, тасымалды ұйымдастыру және құрылыс» кафедрасына басшылық етеді.

Қазіргі заманғы еңбек нарығының мәселелерін ескере отырып, Модульдік-білім беру бағдарламасына инновациялар үнемі жетілдіріліп, енгізілуде. Мысалы, 2019 жылы жаңа білім беру бағдарламалары, «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру», «Көлік құрылысы» траекториялары әзірленді, ал 2020 жылы «Кешенді көлік логистикасы» жаңа білім беру бағдарламасы әзірленді.

– 6В07101 Көлік көлік техникасы және технологиялары

– 6B11302-Кешенді көлік логистикасы

– 6В07101 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру

– 6В07301 Құрылыс

– 6В07303-Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру

– 6В07302-Көлік құрылысы

– 7М071300-Көлік көлік техникасы және технологиялары

Күндізгі және қашықтықтан білім беру технологиясын пайдалана отырып оқытатын күндізгі бөлімде оқытудың нормативтік ұзақтығы:

  • 240 академиялық кредит / 240 ECTS – 4 жыл, күндізгі
  • 180 академиялық кредит / 180 ECTS – 3 жыл, күндізгі, күндізгі қашықтықтан
  • 120 академиялық кредит / 120 ECTS – 2 жыл, күндізгі қашықтықтан.

Кафедрадағы білім беру үдерісі жеткілікті әлеуеті бар, оқытылатын пәннің ерекшелігін толық білімі мен түсінігі, оқу үдерісі шеңберінде студенттерге білімді тиімді беру үшін қажетті дағдылары мен тәжірибесі бар жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етіледі.

Көлік техникасы, тасымалды ұйымдастыру және құрылыс кафедрасында 23 штаттық оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде: қауымдастырылған профессорлар (доценттер) – 7; магистрлер — 11, аға оқытушылар – 4. Олардың ғылыми дәрежелері мен атақтары бар: ғылым кандидаты, доцент-7, ғылым магистрлері-11 адам. Кафедраның оқу-көмекші құрамы: зертханашы-5.

Профессорлық-оқытушылық құрам білім беру бағдарламасымен қамтылған білімнің барлық салаларындағы мамандармен жеткілікті түрде ұсынылған.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы