Көлік техникасы, тасымалдауды ұйымдастыру және құрылыс – Жетістіктер
Көлік техникасы, тасымалдауды ұйымдастыру және құрылыс
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы
Жетістіктер
2020, 2021 жылдары «Көлік техникасы, тасымалды ұйымдастыру және құрылыс» кафедрасың 6В07101 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары», 6В07301 «Құрылыс» және 6В07303 «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» білім беру бағдарламалары бойынша KAZSEE Қазақстандық Инженерлік Білім беру Қауымдастығының Тәуелсіз аккредиттеу агенттігінен 5 жылға сәтті аккредиттеуден өтті.
KAZSEE мамандандырылған аккредиттеуден өткені туралы Сертификат
Олимпиадалар мен конкурстардағы студенттердің жетістіктері:
Кафедраның білім беру бағдарламаларының студенттері ЖОО ішінде, сондай-ақ басқа да отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында, Start-up жобаларында және халықаралық жобаларда түрлі ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысады, атап өтсек 6В07301 – «Құрылыс» ББ 3 курс студенті Жалтумин Шыңғыс университеттің Start-up жобасына қатысып, онда 3 орын алды, сонымен қатар көктемде 50-ден астам студент қатысқан ғылыми-практикалық конференция өтті.
2021 жылғы 14 сәуірде жоғарыда аталған ББ суденттері Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға онлайн форматта қатыса отырып (Алматы қ. Халықаралық білім беру корпорациясы, «Қазақ бас сәулет – құрылыс академиясы»), Олимпиада нәтижелері бойынша Ск-301 тобының студенті Фариза Темірбекова «Құрылыс конструкциялары І» пәні бойынша 2-ші орынға ие болып, II дәрежелі Диплом алды. Студенттеріміз Ерғасыр Сегізбаев, Ажар Иванова сертификаттар алды.
2022 жылы өткізілген Республикалық пәндік олимпиадада студенттер үздік нәтижелер көрсетті:
6В07303 «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» (Рудный Индустриалды Институт) 3 орын;
6B11301 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ) 3 орын;
6B07101 «Көлік, көліктік техникасы және технологиялары» (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ) 3 орын;
6В07301 «Құрылыс» (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ) 1 орын;
6В07303 «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» (Жәнгір хан атындағы БҚАТУ – онлайн) 3 орын.
Республикалық олимпиадада
II дәрежелі Диплом иеленген
3 курс студенті Фариза Темірбекова
Ғылыми жетекшісі Мукашева А. С.
2022 жылғы Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың жеңімпаздары
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің базасында өткізілген Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің XIV Республикалық пәндік олимпиадасының ІІ кезеңінде иеленген 1 орын дипломы.
3 курс студенті Арайлым Калиева, жетекшісі аға оқытушы А. С.Мукашева
Рудный Индустриалды Институты ректоры атынан Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы ректор Л. Ч. Қарабасоваға жолданған алғыс хаты
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында өткізілген Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің XIV Республикалық пәндік олимпиадасында иеленген 3 орын дипломы.
3 курс студенті Нұрай Әбіл, жетекшісі оқытушы Н.Р. Бақытжанов
2022 жылғы өткізілген студенттік Республикалық пәндік олимпиадасына қатысушылары алғыс грамоталарымен және сертификаттармен марапатталды
Жыл сайын кафедраның 6В07301 «Құрылыс» ББ студенттері «Жастар ғылым жолында» атты ғылым апталығының жұмысына қатысады.
Жылдан жылға студенттердің ғылыми жарияланымдары көбейіп келеді. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жетістіктері университет басшылығы тарапынан дипломдармен және грамоталармен аталуда.
Білім беру бағдарламаларының сапасы шақырылған оқытушылар мен өндірістің тиісті саласының жетекші мамандарын толықтырумен қамтамасыз етіледі.
Кафедра ББ студенттері Қ.Жұбанов атындағы АӨУ «Жастар және ғылым: шынайылық және болашақ» республикалық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына белсенді қатысты. Мысалы, студенттер А.Т. Иванова, Жалтумин Ш. 2020 жылдың сәуірінде өткен XVI Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда 3-ші орынға ие болды.
Кафедрада «Құрылысшы» оқу-ғылыми-танымдық үйірмесі жалғасуда (жетекшісі Б.Б.Қулшаров), онда студенттер азаматтық-өнеркәсіптік ғимараттардың макеттерін дайындайды, сондай-ақ аталған ББ 2 курс студенттері темірбетон, металл бұйымдары мен конструкцияларының макеттерін дайындауға белсене араласуда.Сонымен қатар «Бағдаршам» оқу-ғылыми-танымдық үйірмесі жұмыс жасайды (жетекшісі Н.С. Сауханов), мұнда студенттер жол қозғалысын ұйымдастырудың оңтайлы әдістерін әзірлеуге, сондай-ақ олардың модельдерін жасауға үйренеді.
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы