Оқу-жаттығу

Бекітілген жоспар бойынша “Көлік техникасы, тасымалдауды ұйымдастыру және құрылыс” кафедрасында “Құрылыс өндірісінде заманауи құрылыс материалдары және техниканы қолдану технологиясы” және “Көлік техникасы, тасымалды ұймдастыру салалары бойынша оқу процесіне инновациялық әдістерді пайдалану” атты қос онлайн тренинг ұйымдастырылды. Аталған шараға Жекеев С.О., Ибраимов Т.С., Имагамбетов М., Бакытжанов Н. сынды жас мамандар белсенділік танытты. Онлайн шараға кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы, студенттер қатысты.