Металлургия және тау-кен ісі кафедрасы – Кафедра тарихы

Металлургия және тау-кен ісі кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Кафедра тарихы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің техникалық факультеті 1991 жылы инженерлік-педагогикалық факультет негізінде қалыптасты. Инженерлік-педагогикалық факультетінің құрамында жалғыз «Жалпы техникалық пәндер» кафедрасы болды. Ол факультеттің және кафедраның негізгі міндеті еңбек сабағына мұғалімдер дайындау болды. Осы мамандықтың негізінде жалпы техникалық пәндерді дамыту арқылы (теориялық механика, материалдар кедергісі, материалтану, қолданбалы механика, гидравлика, машина деталдары, сызба геометриясы және сызу, стандарттау негіздері) келешек инженерлерге қажет негіз қалыптастырылды.

Университет ректоры К.К. Кенжебаевтың қолдауымен техникалық факультетінің негізін Қарағанды политехникалық институтынан шақырылған, техникалық ғылымдарының кандидаты, профессор Д.Д. Избембетов қалыптастырды. Осы азаматтың тікелей қатысуымен факультеттің және металлургия кафедрасының кадр және материалдық базасы қалыптасты. Осы мақсатпен Қарағандыдан тәжірибелі ғылыми және педагог мамандары шақырылды: т.ғ.д., профессор Р.Д.Симбинов., т.ғ.к., профессор К.Ж. Симбинова., т.ғ.к А.Х. Нұрымғалиев., т.ғ.к Ж.О. Нұрмаганбетов., т.ғ.к К.К. Каскин Сонымен қатар жоғарыда көрсетілген пәндер бойынша лабораторияларды құрастыру ісі сол кезде қолға алынды. Осы кезеңде Ақтөбе ферроқорытпа зауытымен бастапқы ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зауытқа кажетті технологиялар ұсынылды – шикізатты кесектеу технологиясы, конвертер әдісі аркылы ферроқорытпа өңдіру дәстүрлі технологияларға жаңалықтар енгізу және т.б.

Заман талаптарына сәйкес Батыс Қазақстан өңірінің табиғи байлықтарын тиімді пайдалану мақсатында Ақтөбе қаласында XX ғасырдың соңғы онжылдықтарында түрлі өндірістер құрыла бастады. Олардың негізгі бағыттары: мұнай-газ, тау-кен, минералды шикізаттарды өңдеу салалары түрінде орын алды. Осы талаптарға сәйкес 1996 жылдың 1 қыркүйегінде облыс әкімшілігінің қолдауымен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің жанынан техникалық кадрлар даярлайтын мамандықтар ашыла бастады: 1996 жылы – бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы; 1996 жылы – автомобильдер және автомобильдер шаруашылығы; 1996 жылы – қара металдар металлургиясы; 1998 жылы – жол қозғалысын ұйымдастыру; 1999 жылы – отының және көмірсутекті материалдардың химиялық технологиясы; 2000 жылы – органикалық заттардың химиялық технологиясы; 2001 жылы – мұнай-газ және көмірдің химиялық технологиясы; 2002 жылы – органикалық заттардың химиялық технологиясы; 2002 жылы – дизайн; 2003 жылы – мұнай-газ кенорындарын игеру және пайдалану; 2004 жылы – мұнай-газ ісі (мұнай-газ кенорындарын игеру және пайдалану мамандығының жалғасы ретінде); 2010 жылы – құрылыс; 2010 жылы – тау-кен ісі; 2019 жылы – пайдалы қазбаларды байыту.

Осы жылдар аралықтарында факультет декандары болып т.ғ.к., профессор Д.Д. Избембетов., ф-м.ғ.к., доцент К.Т. Алдияров., ф-м.ғ.к., доцент Ж.Ж. Шукиров., т.ғ.д., профессор Е.С. Айталиев., т.ғ.к Ж.Е. Джакупова., т.ғ.к., доцент А.Ж. Мурзагалиев жоғары кәсіби деңгейде еңбек етті. 2020 жылдың ақпан айынан бастап техникалық факультет деканы қызметін техника ғылымдарының кандидаты, доцент А.М.Балгынова атқаруда.

Техникалық факультет құрамында «Металлургия және тау-кен ісі», «Көлік техникасы, тасымалдауды ұйымдастыру және құрылыс», «Мұнай-газ ісі» кафедралары бар. Факультеттің профессор-оқытушылар құрамында ғылым докторлары,  ғылым кандидаттары,  магистрлер бар.

Факультеттің материалдық-техникалық базасында оқу-өндіріс шеберханасы, заманауи қондырғылармен жабдықталған оқу лабораториялары, кабинеттер, лектік аудиториялар, оқу-әдістемелік, ғылыми ақпарат оқулықтармен жеткілікті деңгейде қамтамасыздандырылған кітапхана, студенттерге арналған әлеуметтік базасы бар.

Қазіргі таңда техникалық факультетінің іргесінде өндіріс мекемелерінің сұраныстарына, нарықтық экономика талаптарына сай 10 білім бағдарламасы бойынша жоғары білімді техникалық мамандар дайындалады, олар: Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалды ұйымдастыру; Құрылыс; Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрылымдарын өндіру;  Көлік құрылысы; Металлургия; Пайдалы қазбаларды байыту; Тау-кен ісі;  Мұнай-газ ісі; Электроэнергетика. Сонымен қатар 4 магистратура мамандықтары бойынша:  7М07101  «Көлік, көлік техникасы және технологиялары», 7М07203 «Металлургия», 7М07201«Тау-кен ісі», 7М07202 «Мұнай – газ ісі» білім береді.

2010 ж «Металлургия» кафедрасында кен қазу өнеркәсібі үшін тау-кен бакалаврын дайындау мақсатында жаңа 5В070700 – «Тау-кен ісі» мамандығы ашылды. 2014 ж. 5В070700 – «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша алғашқы 20 студент диплом алып шықты. Осы мамандық бойынша ПОҚ сапасын жоғарылату үшін 2014 ж. ҚарМТУ-нен (Қарағанды қаласы) т.ғ.к., профессор С.С. Құлнияз шақыртылып, жұмысқа қабылданды. 2016 ж. кафедра атауы «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасы болып өзгертілді.

Инженер-металлург мамандығы бойынша бірінші түлектер 2001 жыл

   2018 жылы кафедрада жоғары білікті мамандар дайындау мақсатымен «Металлургия», 2019 жылы «Тау-кен ісі» мамандықтары бойынша магистратура ашылды. Осы ашылған магистратураға білімін жетілдіруге, соның ішінде Ақтөбе ферроқорытпа зауытының 20-ға жуық қызметкерлері оқуға түсті.

«Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасы студенттері өндірістік практиканы «КазХром» ТҰК Ақтөбе ферроқорытпа зауытында, Дөң кен байыту комбинатында өтеді және «МТС Трактор» ЖШС, «Лотос Ақтөбе» ЖШС кафедра филиалдары болып табылады.

Кафедрада «24 ELEMENT» студенттік ғылыми үйірмесі жұмыс жасайды. Үйірменің негізгі мақсаты студенттерде қазіргі заманғы маман дайындау талабына сай зерттеуші (ғалым), басқарушы, практик деңгейінде шығармашылық бастамаларын дамытып, ғылыми-техникалық үдеріс жетістіктерін тәжірибеде қолдануға бағытталады.

Қазіргі уақытта «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамында 20 қызметкер бар, оның 1-і ғылым докторы, 1 PhD доктор,  4  ғылым кандидаттары, 13 техника ғылымдарының магистрлері. 2019 жылы кафедраның доценті, т.ғ.к. Ж.И.Кузбаков университеттің «Құрметті профессоры» атағына ие болды және т.ғ.к. М.К.Имангазинге  Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен «Профессор» академиялық дәрежесі берілді. «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамынан т.ғ.к., Келаманов Б.С., т.ғ.к., Сариев О.Р., т.ғ.к., Жумагалиев Е.У. қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми дәрежесіне ие боды.

2020 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Техникалық факультетінің «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Келаманов Бауыржан Сатыбалдыұлы қатысып, «ЖОО үздік оқытушысы 2020» номинанттары қатарын табылды.

2022 жылдың 26 қаңтарында Бүгін Жұбанов университеті магистранттары мен докторанттары арасында өткізген конкурсым мәресіне жетті. Бірінші орын иегері – PhD доктор Дәурен Есенгалиев иеленді.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы