Металлургия және тау-кен ісі кафедрасы – Материалдық-техникалық база
Металлургия және тау-кен ісі кафедрасы
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы
Материалдық-техникалық база
Арнайы жабдықталған зертханалар (кабинеттер).
«Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасында барлық зертханалық жұмыстар оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі. Барлық пәндер әдістемелік қамтылған және нақты тапсырмалары бекітілген зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулары бар.
Кафедра бойынша зертханалық практикумдармен қамтамасыз етілу 100% құрайды.
«Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасында келесі зертханалар мен кабинеттер бар:
№10 аудитория – «Металлургиялық өндіріс технологиясы» зертханасы;
№10 аудитория – «Металлургиялық өндіріс технологиясы» зертханасы
№13 аудитория – «Металлургиялық өндіріске шикізатты дайындау» зертханасы.
«Металлургиялық өндіріске шикізатты дайындау» пәнінен әр түрлі тақырыптар бойынша зертханалық жұмыстар жүргізіледі:
- Теміркенді шекемтастардан шикі шекемтастар алу;
- Шекемтастарды берік етіп күйдіру;
- Темір кені мен концентраттарын агломерациялау;
- Жарамды агломераттың шығымын және оның беріктігін анықтау.
№13 аудитория – «Металлургиялық өндіріске шикізатты дайындау» зертханасы
№14 аудитория – лабораторияға «Болатты пеш-шөміште өңдеу» аппаратты-бағдарламалы кешенді тренажері және «Доғалы электрлі балқыту пешінде болатты балқыту» аппаратты-бағдарламалы кешенді тренажері орнатылған.
- «Болатты пеш-шөміште өңдеу» аппаратты-бағдарламалы кешенді тренажері студенттердің оқу стендтерін (өндірістік басқару пульттерінің, микросхемалардың көшірмелері) қолдану арқылы пеш-шөміш агрегатында болатты өңдеу технологиясын меңгеруіне арналған. Тренажер теориялық білім алуға, пеш-шөміш агрегатында болатты өңдеудің технологиялық процессін жүргізуді игеруге мүмкіндік береді.
- «Доғалы электрлі балқыту пешінде болатты балқыту» аппаратты-бағдарламалы кешенді тренажері студенттердің оқу стендтерін (өндірістік басқару пульттерінің, микросхемалардың көшірмелері) қолдану арқылы доғалы электрлі балқыту пешінде болатты балқыту технологиясын меңгеруіне арналған. Тренажер теориялық білім алуға, доғалы электрлі балқыту пешінде болатты балқытудың технологиялық процессін жүргізуді игеруге мүмкіндік береді.
«Болатты пеш-шөміште өңдеу» аппаратты-бағдарламалы кешенді тренажері және «Доғалы электрлі балқыту пешінде болатты балқыту» аппаратты-бағдарламалы кешенді тренажері.
14-аудитория
№17 аудитория – «Металтану және термиялық өңдеу» зертханасы;
№18 аудитория – «Өндірісті автоматтандыру және жылутехника» зертханасы;
№28 аудитория – «Металлургиядағы физика-химиялық үдерістер» зертханасы;
№29 аудитория – «Металлургиялық үрдістер теориясы» зертханасы;
№206 аудитория – «Пайдалы қазбаларды қайта өңдеу және байыту» кабинеті;
№208 аудитория – «Ашық және жерасты тау-кен жұмыстарының үрдістері» кабинеті;
№209 аудитория – «Тау-кен өндірісінің машиналары мен жабдықтары» зертханасы.
- «Казхром «ТҰК» АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытының шекарасында «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасының филиалы бар. Бұл филиалдың базасында келесі пәндер бойынша: «Ферроқорытпалар өндірісінің теориясы мен технологиясы», «Хром қорытпалары өндірісінің теориясы мен технологиясы», «Металлургиялық өндіріс технологиясы – 1 және 2», «Электрболат өндірісінің теориясы мен технологиясы», «Ғылыми зерттеулер негіздері және и КҒЗЖ» практикалық және зертханалық жұмыстар, сондай-ақ 4-курс студенттерінің ғылыми-зерттеу дипломдық жұмыстары жүргізіледі.
- Зертханалық жұмыстарды жүргізу үшін SNOL 72/1300Ш жоғары температуралы электр пеші алынды.
- «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасының филиалы – «Электрометаллургия» ЖШС-де жартылай өндірістік сыйымдыолығы 1 тонна тұрақты токты доғалы электр пеші (ДППТ-1) бар. Бұл пеш болаттың жоғары сапалы сұрыптарын, ферроқорытпалардың әр түрлі түрлерін (ферромолибден, феррохром, ферромарганец және т.б.), мыс және никель штейнін, титан қожы мен асыл металдарды балқытуға арналған.
Жартылай өндірістік сыйымдылығы 1 тонна тұрақты токты доғалы электр пеші (ДППТ-1)
Аудиториялық қор – 34
Оқу зертханалары – 7
Аудитория – 23
Компьютер – 35
«Болат өндірісінің теориясы мен технологиясы», «Байыту үрдісінің технологиясы» пәндері бойынша виртуалды зертханасы – 2
«Мұнай-газ өнімдерін жинау және тасымалдау оқу тренажерлік кабинет» – 1
Компьютерлік класс – 2
Академик Н.К.Надиров атындағы ұңғыны бұрғылау кабинеті – 1
Интерактивті тақта – 10
Металлургия, тау-кен ісі, Пайдалы қазабаларды байыту мамандағы бойынша
- АО «ТНК «Казхром»
- АО «Лотос-Актобе» (г. Актобе, РК)
- AO AltynEx Company (г. Актобе, РК)
- ТОО «АКТЮБИНСКАЯ МЕДНАЯ КОМПАНИЯ»
«Мұнай газ ісі» мамандағы бойынша
- АО «СНПС-Актобемунайгаз» (г. Актобе, РК)
- ТОО «АктюбНИГРНИ» (г. Актобе, РК)
- ТОО «Компания по нефтяному технологическому обслуживанию «ТУ-ХА» (г. Актобе, РК)
- ТОО «АзияМунайГруппСервис»
- АО «Каспий Нефть Тме»
- ТОО «Сагиз Петролеум Комрани»
- ТОО ККБК «Великая стена»
«Электроэнергетика» мамандағы бойынша
- АО «Актобенефтепереработка»
- АО «АЗХС», СНПС «Актобемунайгаз»,
- АО «АктобеСтройИндустрия»
- ТОО «Актюбинская медная компания», АО «АЗНТ»
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы